Алимент төлеуден жалтарғаны үшін көлік құралын басқару құқығы, берешегін өтегенше тоқтатылды
Сырдария аудандық сотында борышкер Қ. қатысты көлік құралдарын жүргізу куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы сот орындаушының ұсынымы қаралды.Іс бойынша Қ. кәмелетке толмаған баласын асырап бағу үшін өндіріп алушы Т.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 2 322 646 теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.
Сот отырысында жеке сот орындаушы Т. ұсынысын қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады.
Іс құжаттарынан анықталғандай борышкерге жеке сот орындаушысымен сот актісін орындау міндеттілігі жөнінде ескертілген, жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық жұмыстар не басқа да жұмыстарды жасау мүмкіндігі ұсынылған, алайда ол жұмыссыз ретінде тіркелмеген.
Сырдария аудандық сотының 2019 жылғы 11 қазандағы қаулысымен Қ. алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен жауаптылыққа тартылған.
Борышкер тарапынан алимент төлеу мақсатында шаралар атқарылмаған.
Сот ұйғарымымен сот орындаушының ұсынымы қанағаттандырылып борышкер Қ. көлік құралын басқару құқығы, берешегін өтегенше тоқтатылды.
Сырдария аудандық соты








