Қыжылдан құтылыңыз
Асқазан-ішек жүйесі дұрыс жұмыс атқарып тұрғанда асқазан сөлі қышқылдығы мен асқазанның кілегей қабығы арасында тепе-теңдік сақталады. Құрамында қышқылы бар асқазан сөлі асқорыту үрдісін іске қосады және тағаммен бірге асқазанға түскен микробтарды жояды. Осы кезде кілегей қабық асқазанда өндірілген қышқылдан асқазанның қабырғасын қорғайды. Егер қышқыл өте көп өндірілсе, онда табиғи тепе-теңдік бұзылып, бұл күйдіру сезімінің туындауына әкеледі.
Қыжыл өңешке кері шығатын асқазанның құрамдас бөлігінің артық қышқылдығымен шақырылады. Әдетте асқазан жоғарғы бөлікте орналасқан сфинктердің көмегі арқылы қышқылдың әсерінен жақсы қорғалады, алайда егер сфинктер әлсіз болса, асқазанның құрамдас бөлігі өңешке өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда асқазан қышқылы өңештің сезімтал тіндерін тітіркендіріп, күйдіру сезімі мен қыжылды шақырады.
Қыжылдауға қарсы шырындар
Қыжыл симптомдарынан құтылу үшін жаңа піскен көкөністердің шырынын ішкен пайдалы. Оларды жеке және араластырып ішугеде болады. Сәбіз, қызылша, қырыққабат шырындарын араластырып, 2-3 ас қасық мөлшерінде қабылдау ас қорыту жүйесіне профилактикалық әсері бар және қыжылдауды жеңуге көмектеседі. Бұл шырынды ас ішерден алдын қабылдау керек.
Қыжылға қарсы картоп шырыны
Картоп шырыны қыжылмен күрестегі ең тиімді әдіс. Ішкі пайдалану кезінде, ол қыжыл симптомдарын тез арада жояды. Сонымен қатар, картоп шырыны қыжыл жиі мазалайтын және жоғары қышқылдылығы бар гастриті бар адамдардың жалпы жағдайын жақсартады. Табиғи және денсаулыққа пайдасы мол болғандықтан, бұл шырынды жүктілік кезіндеде пайдалануға болады.
Ас содасымен қыжылдан арылыңыз
Натрий гидрокарбонатын кез-келген ас үйден кездестіруге болады, ол кәдімгі ас содасы. Ас содасын көбіне қыжыл симптомдарын бейтараптандыру үшін қолданылады.
Рецепт: жарты шай қасық ас содасын 1 стақан жылы суға қосып, араластырыңыз. Осы суды суып қалмай тұрған кезінде аз-аздан ішу қажет. Соңына дейін ішуге болмайды, түбін төгіп тастаған дұрыс. Ішкеннен соң, әлдеқайда тез әсерге қол жеткізу үшін, басты көтеріп жартылай жатыңыз. Сонда қыжыл белгілері 10 минут ішінде өтуі тиіс. Қажет болған жағдайда бұны қайтадан істеуге болады. Бірақ, ең жоғарғы тәуліктік доза 200 граммнан аспауы тиіс.
Балдың қыжылға қарсы қасиеті
Балдың тыныштандыратын және асқазандағы жайсыздықты жоятын емдік қасиеттері бар. Оны таза күйінде қыжылға қарсы сирек қолданады. Балды басқада емдік заттармен араластырғанда оның тиімділігі жоғарылай түседі. Балмен қыжылды емдеудің жолы өте оңай.
Рецепт: 1 ас қасық балды, 1 стақан жылы сумен араластырып, азанда және кешке ас ішерден 30 минут алдын ішіп тұру қажет. Бұл су қыжылдың жағымсыз әсерлерін жойып, асқазанға өз пайдасын тигізе отырып, 1 айдан кейін қыжылды мүлдем жояды.
Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік
Пікір 1