Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Асқазанды үй жағдайында қалай емдеу керек?

Асқазанды үй жағдайында қалай емдеу керек?


Алдымен шылымнан бас тартыңыз, ол асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
 
Асқазанға жасұнық көп керек. Ол алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте мол. Фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
 
Пияз асқазанға пайдалы. Тым болмағанда күніне жарты пияз жеңіз немесе пиязы мол салат пен жеңіл тағамдарды серік етіңіз.
 
Асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы – жаңғақ пайдалану. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да, дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стаканға салып, үстінен спирт құйып, жылы жерге бұқтырып қойыңыз. Бір аптадан ке­йін күніне бір шай қасықтан аш­қарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша, күніне үш реттен пай­даланыңыз.
 
Диета асқазан ауруын ем­деу­дегі ең маңызды ере­желердің бірі. Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырыл­ған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі бот­қаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады. Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттен, ащы тағамдардан, консерві, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.
 
 Қосымша ем-домдар:
1. Шырғанақ майы пайдалы. Оны тамақтан бір сағат бұрын, үш апта бойы ішесіз.
2.Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы.
3. Картоп шырыны. Таза әрі ескірмеген, әсіресе қызыл сортының болғаны жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек.
4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады. (Бір стакан айранға бір ас қасық май).
5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ақ уызын ішіп жүріңіз.
6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұнбасы әжептеуір әсер етеді.
7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүл­дерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді.
...Жоғарыдағы ем-домдарды пайдаланбастан бұрын дәрігерге қаралып, толық тексеруден өт­кеніңіз жөн екенін еске саламыз.
 
Е. ЕРКЕЖАН
27 наурыз 2018 ж. 5 705 0