Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды

Қызылордада Ұлттық құрылтай басталды

Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай бастау алды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Екі күнге жалғасатын келелі жиынның алғашқы күнінде төрт панельдік секция бойынша отырыстар өтеді.

Әлеуметтік-мәдени даму секциясын Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Білім-ғылым секциясын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізгіндеді.

Күннің екінші жартысында азаматтық қоғам және экономикалық даму жайы қамтылмақ.

Құрылтайда ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелер талқыға түседі.

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері осы күні облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралайды.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтай қарсаңында қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдерінде маңызды шешімдер қабылданған құрылтайлар тарихына тоқталған едік.
Фото: Н.Нұржаубай
19 қаңтар 2026 ж. 275 0