Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтай құрамында ротация орын алды. Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова және математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дурвудхан Сұраган тартылды.

Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (дүниеден өтуіне байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдуақасов, М. Жабағин шығарылды.

ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов Ұлттық құрылтай құрылғалы бері оның құрамында болды. Ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйеніп, «Білім және Ғылым» секциясында техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруге қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың мазмұны бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша берген ұсыныстары, қажырлы қызметі үшін Қылышбай Алдабергенұлына қоғамның құрметі мен ризашылығы шексіз.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Ашық дереккөзден

23 мамыр 2025 ж. 343 0