Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Елді елең еткізген оқиғалар қандай?

Елді елең еткізген оқиғалар қандай?

Басылымның мазмұнын байытып, ойлы оқырманға тұщымды ақпарат ұсыну – шығармашылық топтың мақсатты түрде жүзеге асыратын қызметі. Күнделікті елімізде және әлемде болып жатқан елеулі оқиғалардың басым бөлігі көпшілік назарынан тыс қалмауда. «Шартарап» атты жаңа айдар аясында әр апта сайын жұртшылықты бейжай қалдырмаған маңызды жаңалықтарды назарларыңызға ұсынып отыруды жөн көрдік.

Ең алдымен, өткен аптада қазақстандықтардың басым бөлігінің талқысына түскен оқи­ға Атырау облысындағы ер­лі-за­йыптының қазасы болатын. 2025 жылдың соңында белгі­сіз жағдайда жоғалып кеткен отба­сының өліміне олардың күйеу бала­сының қатысы болуы мүмкін деген дерек бар. Ресми түрде ішкі істер органдарының мамандары күдік­тіге іздеу жариялады.

Жұртты елең еткізген тағы бір оқиға – өткен жылы күйеуінің қолы­нан қаза тапқан Айзат Жұманованың ісіне нүкте қойылды. 32 жастағы келіншектің жолдасына сот қатаң үкім шығарып, темір торға тоғытты.


Жылдың басы қазақ мәдениеті мен кино саласын орны толмас қазаға ұшыратты. Актер Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден озды. Талантты әртіс қалың көрерменіне «Рэкетир» және «Ағайынды», «Томирис» фильм­деріндегі рөлдері ар­қылы танылған. Негізінен, ол – Сыр елі­нің тумасы.

Айтпақшы, Астана қаласының ау­дан­аралық қылмыстық соты То­та­қановтарды баласын емдеу мақсатында жиналған қа­­йы­­­рымдылық қара­жатты жым­­­­­қыр­­ғаны үшін кінәлі деп та­ныды. Ер­лі-зайыптыны 7 жыл­ға бас бос­тандығынан айы­руға үкім шы­ғар­ды. Сондай-ақ мүл­кін тәркілеп, 10 жыл қайы­рым­дылықпен айналысу құ­қығынан айырды. Ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы 2,2 млрд теңге қаражат жинаған. Оның 1,4 млрд теңгесі қайырымдылық ретінде алынғанымен, тек 6,4 млн теңге ғана баланың еміне жұм­салғаны анықталды.

Еліміздің спорт саласында бір­қатар өзгерістер орын алды. Мә­селен, олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының прези­денті қызметінен кетті. Оның орнына «ҚазМұнайГаз» төрағасы Асхат Хасенов тағайындалды. Өткен жылы бокс­тан ел күтпеген нәтиже тір­кеген ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ден­саулығына байланыс­ты құ­рама тізгінін ұстаудан бас тартты. Жаңа бапкер болып 2024 жыл­дың тамыз айынан Ұлттық құ­­ра­маның жаттықтырушысы қыз­­­­метін атқарған Нұржан Насанов келді. Қазіргі уақытта барлық спорт жанкүйерінің назары допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлының алдағы мансабына байланысты шешімге ауып отыр. Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты тәртіптік істің қоры­тынды тыңдауы 19 қаңтарға бел­гіленді. Жиында 8 қаңтарда ашылған В допинг-сынаманың тал­­дау нәтижелері ресми түрде жария­ланады.

Әлем бойынша көптің тал­қылауына түскен жаңалықтар тізі­мінде Ирандағы толқулар басты орынға шығып отыр. Ирандағы наразылық іс-шараларының со­ңы саяси дағдарысқа ұласуда. Қала­ларда жаппай қақтығыстар орын алып, қаза тапқандар көбеюде.

Қазақстандық саяхатшы және блогер Дастан Мұхамедрахим америкалық әртіс Уилл Смитке ұлттық шапан тарту етсе, әлемнің қырыққа жуық елінде «Nestlé» компаниясының балалар тағамы дүкен сөрелерінен алынып тас­талуда. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бұған себеп – бір мезетте өндірілген өнімдерде адам ағзасына қауіпті цереулид токсині болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, бұл токсинді бөлетін Bacillus cereus бактериясы қайнату немесе қайта қыздыру кезінде жойылмайды.

Сыр өңірінің басты футбол командасы «Қайсар» клубы Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиы­нын өткізуде. Айта кетейік, «Қайсар» клубы жаңа логотипін бекітті.

Міне, біз өткен аптада отандық БАҚ-та жарияланған жаңа­лық­тарға шолу жасадық. Алдағы апта­ның маңызды оқиғаларын біздің басылымнан күтіңіз.


Дайындаған
Балтабай ОРДАБЕКОВ

13 қаңтар 2026 ж. 70 0