Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Аударымдар есепшотқа түсе бастайды

Аударымдар есепшотқа түсе бастайды

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылғаны мәлім. Сол жылдан бастап кәмелетке толмаған әрбір қазақстандық Ұлттық қордан өз үлесін алуға құқылы. Міне, биыл үшінші рет жыл басында 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордан қаражат аударылады деп күтілуде. Бұл қаражатты «нысаналы жинақ» деп атайды.

Ресми мәліметке сәйкес 2025 жыл­ға арналған мақсатты талаптар мен оған есептелетін инвестициялық табыс 1 ақпанға дейін балалардың шотына аударылады. 2008 жылы дүниеге кел­ген балалар биыл 18 жасқа толады. Олардың жинағы да 1 ақпанға дейін жинақ шотына түсіп болады.


Барлық балаға аударылатын қара­жаттың дені Ұлттық қордың инвес­тициялық табысының 50 пайызынан құралатынын біліп жүрген абзал. Сол табыс барлық балаға тең бөлінеді.


Өткен жылдары әр балаға есеп­телген қаражат Ұлттық қордың актив құрамында қала береді және одан әрі инвестицияланады. Сол арқылы оған қосымша табыс есептеле береді. 18 жасқа толмай ол қаражатты мерзімінен бұрын алу мүмкін емес. 18 жасқа толғаннан кейін жинақты екі мақсатта ғана пайдалануға болады. Оның бірі – тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін және екіншісі – білім ақысын төлеу үшін. Егер жинақтың иесі қайтыс болса, жиналған қор Қазақстан заңнамасына сәйкес мұрагерлікке өтеді.

Әрбір ата-ана осы ретте нені білуі керек? Ұлттық қордың ақшасына иелік ету үшін әр ата-ана немесе заңды өкіл бала­ның жеке басын куәландыратын құжаты мен ЖСН-і бар-жоғын тексеріп қойғаны дұрыс. Егер әлі алынбаған болса, рәсімдеу керек. Сосын баланың жеке басының деректері – аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы дұрыс жа­зылған ба, оны да тексеріп қойған артық емес.

Ол үшін онлайн eGov порталына кіріп, жеке кабинеттегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінен бала туралы мәліметтің бар-жоғын біле аламыз. Егер баланың жеке куәлігі немесе ЖСН болмаса – тұрғылықты мекенжайға қарай ХҚКО-ға жүгіну керек. Ал аза­маттығы көрсетілмесе немесе қате жа­зылса – көші-қон қызметіне бару керек.

Айту керек, жиналған қаражатты мер­­зімінен бұрын шешіп алуға ты­йым салынады. Шот­тағы ақша дол­­лар­мен есептеледі және 18 жасқа тол­ғанда доллармен беріледі.

Ұлт­­­­тық қордың қаражатына салық са­­лын­­байды. Бала 18 жасқа тол­ған­ға дейін жинақталған қаражат Ұлт­­­­тық қорда сақ­талады жә­не оны Ұлттық банк түрлі қар­­жы құ­рал­­­­­­­дарына инвестициялайды.

Жо­­­­­ға­­ры­­да айтып өткеніміздей одан түс­­кен инвестициялық табыс та бала­лар­дың шотына қосымша түсіп тұрады.
Әр жылдың 20 қаң­тарына дейін бағ­­дарламаға қаты­сатын­дардың соңғы тізімі жасалып, 31 қаңтарға дейін шот­қа ақша ауда­рылады.

Бибісара ЖАНӘЛІ

13 қаңтар 2026 ж. 66 0