Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Серпінге толы жобалар

Серпінге толы жобалар

Аптаның сәрсенбісінде ауданға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларының ауданға келудегі бағыты айқын. Ең алдымен, олар Ақжарма ауылына барды.

Ақжарма ауылының газдандыру жұмысымен танысуға келген халық қа­лау­лыларын аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және «AMANAT» партиясы аудандық филиа­лының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Марат Бисенов күтіп алды. Өз кезегінде аудан басшысы Ақжарма ауылындағы газдандыру жұмысымен таныстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барын­ша арттыруға және 1700 шақы­рым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен елді ме­кен­дерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облысымыздың газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті. Ауданда өткен жылы Н.Ілиясов және Шаған ауылдары табиғи газға қосылды. Енді Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – Ақжарма ауылы халқының көптен күткен жаңалығы. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы қазір­гі таңда басты назарда. Сондай-ақ газдандыру жұмыстары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді, – деді аудан әкімі.

Расында, 2800-ге жуық халқы бар ауылда 519 түтін басы бар. Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына ден қойған. Көпшіліктің қуаны­шында шек болмай, «көгілдір отын» елді мекенге келетініне дән риза.

– Мемлекет басшысы бұған дейін 1700 шақырым газ желісін жаңартуды тап­сырған болатын. Осы орайда Прези­дентіміздің бастамасы аясында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген газдандыру жұмыстары баршамыздың ортақ қуанышымыз. Ауылдағы аға­йын алдағы уақытта отын жарып, күл шығарудан арылатын болады. Құры­лыс жұмысын сапалы орындап, межелі уақытта газдандыру жұмысын аяқтаған абзал, – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Нәлхожаұлы.

Айта кетейік, жобаның жалпы құны – 1 млрд 881 млн теңгені құрайды. «Алия Сервис» ЖШС құрылыс-мон­таждау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті барлық техника жұ­мыл­дырылып, жоспарланған жоба барынша қамтылуда.

– Сайлауалды бағдарлама аясында жасалып жатқан жоба сапалы әрі мерзімінде халық игілігіне берілуі қажет. Көгілдір отын әрбір отба­сының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін. Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен бас­талады. Ақжарма ауылының халқы аг­рарлық саланы дамытуға күш салып келеді. Ризық-несібесін жерден терген көпшіліктің қуанышына ортақпыз, – деді халық қалаулысы Мархабат ­Жайымбетов.

Ауданға сапар барысында халық қа­лаулылары Тереңөзек кентінде болып, «Руханият» орталығында аудан ардагерлерімен кездесті және зиялы қауым өкілдерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Кездесуде олар елдегі аза­маттардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Сырдария ауданына келгендерін атап өтті. Ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анық­тап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асыруға қолдау білдіретінін айтып, ал­дағы жоспарларымен бөлісті.
Келелі кездесуде аудан ардагерлері Сыр өңірінде, оның ішінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға риза­шылықтарын білдірді. ҚР Мәжіліс депутаттарына ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Халық қалаулылары ұсы­ныстарды на­зар­ға алып, сол бағытта жұмыстар жүр­гізілетінін атап өтті.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елдің ертеңі мен болашағына тікелей атса­лысатын жастарды қолдау мемлекет тара­пынан айрықша жүзеге асуда. Халық қалаулылары зиялы қауым өкілдерімен кездесуден кейін жастармен ортақ пікір алмасты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетовке аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Сейтжан орталықтың, жалпы аудан жастарының атқаратын және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары мен жобаларын таныстырды.

– Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұр­пақтың қолында. Бүгінде елімізде жас­тарға көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Соны дұрыс пайдаланып, елдің дамуы жолында аянбай, белсенді еңбек етуге шақырамын. Жастарға қашанда мемлекет тарапынан қолдау көп. Өз мүмкіндіктеріңді пайдаланып, жетістікке жету керек. Нарықтық заманда бір орында тұрып қалуға болмайды. Еңбектенген жастар табысты болады, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.

Жалпы ауданда 14-35 жас ара­лығында 12 257 жас бар. Бұл аудан халқының 32,3 пайызын құрайды. Мем­­лекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жас­тар ресурстық орталығының» мамандары жүргізіп келеді. Өткен жылы жас­тардың қатысуымен жалпы саны 94 іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шаралар аясында 3619 жас қамтылды. «Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру бойынша үй-үйді аралау арқылы 9 рет адрестік жұмыстар жүргізіліп, отбасылардың әлеуметтік жағ­дайына байланысты деректер нақты­ланды. Жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша үздік үштікке енді. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 110 жас жұмыспен қамтылды. Аудан бойынша 2732 кәсіпкер тіркелген болса, оның ішін­де 819-ы – жас кәсіпкерлер. Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында «Жұмысшы мамандық – еңбектің асқақ бейнесі» атты сұхбат-тайм, «Мамандығым – мақтанышым» ат­ты арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг пен шебер сынып және «Еңбек – елдің ертеңі» атты жұмысшы маман­дықтар фестивалі өтті.

Кездесуде аудан жастары сөз сөй­леп, өз салаларында атқарып жат­қан ауқымды жұмыстары және жетіс­тіктерімен бөлісті.

– Президентіміз 2026 жылды Қазақстанның жаңғыруының жаңа кезе­ңі деп атап, жастардың жарқын болашақ үшін маңызды рөліне баса назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас­тарға арналған арнайы үндеуінде жаңа табыстарға жету үшін бірге жұмыс істеуге шақырды. Жастар – елдің бола­шағы. Олардың білімді, рухани бай, бел­сенді болуы маңызды. Сондықтан жастар әрдайым ізденіп, еңбек етіп, дамуы қажет, – деді халық қалаулысы Мархабат Жайымбетов.

Ғасырдан аса тарихы бар теміржол саласы ел экономикасын дамытуға зор үлес қосады. Бұған дейін бірнеше мәр­те басылым бетінде жазылған вокзал құры­лысымен халық қалаулылары да таныс­ты. Себебі, аудан аумағынан өтетін 46 ша­қы­рымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі жолау­шыларға қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.

– Теміржол арқылы көптеген тұр­ғындар қатынайды. Олар аудан аума­ғынан өткенде өңірдің әлеуетіне, сани­тарлық тазалығына баға беретін болады. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев теміржол вокзалдарының талапқа сай болуын, айналасының таза­лығына үнемі мән береді. Сондықтан бар­лық талапты сақтап, қызмет сапасын арттыруға барынша күш салып отырмыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Халық қалаулылары мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі керектігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Тереңөзек теміржол вокзалын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жобасы әзірленген. Қазір­гі таңда мердігер мекеме «РиА-Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Араға аз ғана уақыт салып, жаңа вокзал пайдалануға беріліп, тір­шілік қайта жанданбақ.


Б. ОРДАБЕКОВ

10 қаңтар 2026 ж. 490 0