Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау: сараптамалық кездесу

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау: сараптамалық кездесу

Қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен, «Тереңөзек жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық мекемелер үйінде «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау мәселелері бойынша» сараптамалық кездесу өтті.

Дөңгелек үстел форматындағы іс-шараға тарихшылар, өлкетанушылар, кітап­ханашылар, қоғамдық ұйым өкіл­­дері, саяси қуғын-сүргін құрбан­дары­ның ұрпақтары және облыстық, аудандық жұмысшы топ мүшелері қатысты. Кездесуді аудандық қоғам­дық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов жүргізді.

Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушылары, философия доктор­лары Бақытжан Ахметбек пен Дәулет Омаров ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық тарихын архив­тік деректер мен жаңа ғылыми көз­қарастар негізінде талдады.
Өлкетанушы, ҚР Мәдениет сала­сының үздігі, Сырдария ауда­нының құрметті азаматы Жәнібек Маханбет өңірдегі қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы нақты деректер мен отбасылық естеліктерге негізделген баян­дамасын ұсынды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Айтмахан Раманқұлов пен Құдайберген Шыманов өз әулетінің тарихи тағдыры туралы естеліктерімен бөлісті.

Жиын қорытындысында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын ақтау бағытындағы зерттеу жұмыстарын жалғастыру, архив деректерін жүйелеу және тарихи жадыны сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар жинақталды. Кез­­десуде 2025 жылы жинақталған мате­­риал­дар негізінде жарық көрген «Зұл­мат заман жаңғырығы – зобалаң» атты кітапша қатысушыларға таратылды.

Айту керек, 2026 жылы 2023-2025 жылдары жинақталған материалдарды біріктіріп арнайы кітап шығару жос­парланған.

«Тт» ақпарат

06 қаңтар 2026 ж. 102 0