Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Музей үздігі

Музей үздігі

Ауданның мәдениет саласы жылды табысты да жемісті қорытындылауда. Ауданның руханиятын танытып, музей жұмысын жандандырып, бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әкімжан Әжікенов облыстық байқауда «Үздік музей қызметкері» атанды.

Бұл байқау Жаңақорған аудандық «Руханият» орталығында өтті. Музей саласы мамандарының кәсіби ше­бер­лігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыс­тарына ынталандыру және шы­ғар­машылық әлеуетін дамыту мақ­сатында өткен байқауда үздік нәтиже көрсеткен сырдариялық жас ғылыми қыз­меткер кәсіби біліктілігін көрсетті.

– Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқау барысында музей қыз­меткерлері өздерінің кәсіби білімін, жинақтаған тәжірибесін, жаңашыл көз­қарасы мен шығармашылық мүм­кін­діктерін жан-жақты таныстырып, саладағы үздік тәжірибелерін ортаға салды. Ауқымды іс-шара музей ісін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және тарихи-мәдени мұ­раны насихаттауға зор ықпал етті. Байқауда қасиетті өлкеміздің тарихи көне орындары туралы арнайы жазылған зерттеуімді көрсеттім. Ең­бегім қазылар алқасы тарапынан жо­ғары бағаланып, биылғы жылдың «Үздік музей қызметкері» атағын бер­геніне қуаныштымын, – дейді өз ісінің маманы Әкімжан Ержанұлы.

Руханият саласын дамытуға үлес қосып жүрген, музей қызметкерлері сын­ға түскен байқауда «Шынайы шедевр», «Зерттеу ісінің үздігі», «Креативті маман» номинациясы да табысталды. Бұл марапат музей қыз­меткерлеріне музей қорын сақтау мен экспозицияларды мазмұнды әрі сапалы ұсынудағы жауапкершілігі үшін берілді. Сонымен қатар өлкетану сала­сындағы ғылыми ізденістері мен тың деректерді ғылыми айналымға енгізудегі белсенділігі үшін лайықты деп танылды. Жалпы музей қызметін жаңаша фор­матта дамытуға бағыттал­ған шы­ғар­машылық бастамалар да қазы­­лар алқасының назарынан тыс қалмады.

Байқау қорытындысында жеңім­паздар мен номинация иегерлері ақ­ша­­лай және бағалы сыйлықтармен марапат­талды.
Айта кету керек, сырдариялық ғы­лы­ми қызметкерге бұл марапат музей ісіндегі жоғары кәсіби біліктілігі, ғылыми-зерттеу бағытындағы жүйелі еңбегі және тарихи-мәдени мұраны сақ­тауға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

«Тт» ақпарат

31 желтоқсан 2025 ж. 339 0