Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Музей автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді

Музей автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді

«АС-Музей» бағдарламасы бұл автоматтандырылған кешенді ақпараттық жүйе. Бұл жүйемен елімізде бірнеше музейлер жұмыс жасауда. Алғаш болып барлық сала бір ақпараттық базаға біріктірілді. Тиімді жоба туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтте облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлы мәлімдеді.

«Ақпараттық жүйе музей құндылықтарын есепке алады, ғылыми түгендеу және каталогтауды жүргізеді, экспонаттарды есепке алып, шығаруды және музей құндылықтарын қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Мұнан өзге де бірнеше қызметі бар. Сонымен қатар, музей қорларын тиімді бақылау, экспонаттың қорда немесе экспозицияда орналасқандығын білу - уақытты үнемдеуге септігін тигізеді,- деді Сапар Әлиасқарұлы.

Айта кету керек, музей қоры археология, этнография, бояу, мүсін, нумизматика, фотосуреттер, құжаттар, кеуде белгілері, кітаптар мен қолжазбалар, қарулы, әуез-аспаптар сынды 12 классификациядан тұрады. Алдағы уақытта, облыстық музейге қарасты филалдарында да бірорталықтандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
25 ақпан 2022 ж. 714 0