Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сыбайластыққа салғырт қарамайық!

Сыбайластыққа салғырт қарамайық!

Сыбайлас жемқорлықпен кү­ресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Біздің еліміздің Тәуелсіздік алған соң басқа басымдықтардан бұрын, ең алдымен құқықтық мемлекет құруды мақсат етуінің өзі осы кез келген саланың дамуын құқықтық жақтан мінсіз қамтамасыз етуге негізделсе керек.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауат­сыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмы­сының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолын толық білуі керек. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жем­қорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекетпен азаматтардың өмір сүруінің барлық саласында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Сырдария аудандық соты бұл тақырыпты түрлі дөңгелек үстел, семинарлардың да тақы­рыбына айналдырып келеді. Сыбайлас жем­қорлықпен күресте күштік құрылымдардың өзара тиімді жұмыстары талқыға салынса, сот қызметкерлері, судьялар қатысқан семинарларда саланы жемқорлықтан таза ұстаудың тетігі сарапқа салынады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіргенде ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан сыбайлас жем­қорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының аза­маттық парызы деп білуіміз керек.

Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маманы
Фото: Ашық дереккөзден

06 мамыр 2025 ж. 59 0