Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жастардың бастамасы: даму мен серпін» атты облыстық жастар форумы өтті

«Жастардың бастамасы: даму мен серпін» атты облыстық жастар форумы өтті

2025 жылдың 26 желтоқсан күні Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардың бастамасы: даму мен серпін» атты облыстық жастар форумы өтті.

Форумға Қызылорда облысының белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары, сондай-ақ жастар саясаты саласының үздіктері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету, көшбасшылық қабілетін дамыту және мемлекеттік басқару мен цифрлық технологиялар саласындағы білімін кеңейту болды. Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, заманауи бағыттарға бейімделуіне жағдай жасау көзделді.
Форум жұмысы екі секциялық бағытта ұйымдастырылды:


– «Жастар және мемлекеттік басқару: Болашақ көшбасшылары» тақырыбындағы І секцияда қатысушылармен тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтің маңызы мен жастардың басқару жүйесіне араласу мүмкіндіктері талқыланды.  Басты спикер облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Басаров Алиби Төлепбергенұлы болды.

– «Жасанды интеллект: Киберқауіпсіздік» атты ІІ секцияда IT саласының өзекті мәселелері мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру жолдары қаралды.  Басты спикерлер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Нұрбек Әділбаев пен Нұрбол Оңалбаев.

Форумға арнайы қатысқан қонақтар қатарында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, жас кәсіпкер Нұрдаулет Болатбекұлы, «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Кызылорда облысы бойынша жетекшісі Пак Елена, «Салауатты өмір сақшылары» қозғалысының жетекшісі Алдаберген Нұрқанат, «Студенттер Альянсы» ҚОФ төрағасы Расул Базарханұлы және 2025 жылдың «Күміс домбыра» иегері, ақын әрі жыршы Бексұлтан Орынбасар болды.

Форум соңында жастар саясаты саласында белсенділік танытқан бірқатар жас марапатталып, шара әсерлі гала-концертпен қорытындыланды.

Аталған форум жастар арасында жаңа идеялар мен серпінді бастамалардың дамуына жол ашып, аймақтағы жастар қозғалысының жандануына үлес қосты.
29 желтоқсан 2025 ж. 48 0