Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аудандық соттың 2024 жылғы 3 шілдедегі қаулысымен азамат А-ның мінез-құлқына  6 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.

Алайда, азамат А. ағымдағы жылдың 13 желтоқсанда алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған. Сонымен  қатар,  2025 жылғы 19 тамыздағы сот қаулысымен  ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі  деп  танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған. Алайда, А. қайтадан  осындай  тектес құқық бұзушылық  жасаған. Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.  Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сырдария  аудандық соты
29 желтоқсан 2025 ж. 36 0