Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жүйелі жұмыс – дамудың кілті

Жүйелі жұмыс – дамудың кілті

Аудан халқының жұмыспен қамтылып, мемлекеттік қолдауға ие болуында «Мансап» орталығының жұмысы айқын. Әр жыл сайын аудан тұрғындары үшін атқаратын қызметі ерен. Бүгінде бірнеше бағдарлама мен тапсырмаларды қатар атқарып жүрген «Мансап» орталығының қызметкерлерінің жұмысына тоқталсақ.

Түрлі саланы тоғыстырған мекемеде жұмысқа орналасу тәртібі мен тетігі қарастырылған. «Жастар тәжіри­бе­сінен» бастап жұмыссыз адам­дарды жұмыспен қамтып, оларға арнайы оқыту курстарын да ұйымдастыратын орталық. Жұмы­сы мен тәртібі үйлескен мекемеде 12 сала маманы еңбек етеді. Ерке­бұлан Дәуітбекұлы бастаған «Мансап» орталығының ұжымы әр­кез жұртшылыққа ұтымды ақпарат беріп, сапалы қызмет көрсетуде. 2025 жылдың 1 желтоқсанына атқарылған жұмыс туралы «Мансап» орталығының директоры Еркебұлан Дәуітбекұлы айтып өтті.

– Жыл басынан орталыққа 3881 өтініш түскен. Сондай-ақ жұмыссыз есебінде 941 адам тіркеуде тұр. 2025 жылы 1091 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып, 782 адам қызметіне кірісті. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 810 адамды тарту көзделген болатын. Нақтырақ айтсақ, оның ішінде «жас­тар тәжірибесіне» 175 жасты өткізу жоспарланып, 101,1 пайызы орындалды. Жастардың жұмысқа деген қызығушылығы артып, өз саласы бойын­ша еңбек етуге деген талпынысы байқалады. Ал «әлеуметтік жұмыс орындарына» 35 тұрғынды қамту көзделіп, оның барлығы да жоспар бойынша толықтай жүзеге асты. «Қоғамдық жұмысқа» 560 адамды қамту жоспарланып, жоспар артығымен орындалып, 645 адам «қоғамдық жұмысқа» жолданды. Сонымен қатар орта жастан асқан тұрғындарды жұмыспен қамту бойын­ша «Күміс жас» жобасы аясында 40 адам орналасты. Бұл бағдарлама мен жобалардан бөлек мемлекеттік грант бойынша ақпараттандыру және қызмет көрсету жұмыстарын жүргіземіз. Ашығын айтқанда, «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 129 адамды қамту жылдық жоспарда болатын, 2 конкурстың нәтижесімен жоспар толықтай орындалып, грант иегерлері жеке шағын кәсіпкерліктерін ашты. Бұл көрсеткіш ауданда түрлі сала бойынша шағын кәсіптің жолға қойылғанының көрінісі. Ал қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсынан 12 адамды оқыту көзделіп, қазіргі таңда 12 адам И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжде «ветеринар-санитар» мамандығы бойын­ша білім алуда, – деді Еркебұлан Дәуітбекұлы.

Жыл көлемінде біршама жұмыстың тиісті атқарылуы сала мамандарының жемісті еңбек еткенінің айғағы. «Мансап» орталығында «Skills.enbek.kz» жүйесі арқылы түрлі мамандық бойын­ша жұмыссыз адамды оқыту жоспары жыл сайын жүзеге асатыны анық. Осы орайда 2412 адам курстан өтіп, электронды еңбек биржасын пайдалану бойынша студенттер мен оқушыларға жоспарлы оқыту курсы жүзеге асқан. Яғни жоғары оқу орнына түскелі тұрған талапкердің алдағы жұмысқа орналасу жолында пайдаланатын сайт­ты үйренуі маңызды.

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша ауданда біршама отбасы мемлекеттің көмегіне жүгінетіні белгілі. Осы орайда АӘК 62 отбасы яғни 340 адамға тағайындалған. Осындай қызметтердің сапалы әрі тиімді жүргізілуі «Мансап» орталығының қызметкерлеріне тікелей байланысты. Әр саланы бір арнаға тоғыстырып, мемлекеттік бағдарлама мен кәсіптік оқыту курстарының уақытында орын алуы жауапкершіліктің айқын көрі­нісі. Жүйелі жұмысымен аудан халқына қызмет етіп жүрген сала ұжымы әрқашан да даму үстінде. Жоспарланған межені асыра орындау сала жолындағы – нағыз шеберлік.


Г.ТАБЫНБАЙ

23 желтоқсан 2025 ж. 97 0