Серпінді Сырдария өрендері – жарқын болашақтың кепілі
Мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі – жастар саясатын дұрыс, ұтымды ұйымдастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қандай ел болары өскелең ұрпаққа байланысты екенін өзінің үндеуінде айтты. «Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарап бағалайды. Яғни біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Жастар спортпен, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады» деді.Ел болашағы жастардың қолында. Ел ертеңі бола білген жастар аға буынның нақ ізбасары іспетті. Атадан тағылым, анадан тәлім алған ауданның белсенді жастары сан салада өзіндік қолтаңбаларын қалдыруда. Тұғыры биік тәуелсіздіктің ұрпақтары сан түрлі жетістігімен қуантуда. Бірлігі бекем, тірлігі көркем ауданда жастар саясаты жүйелі түрде жолға қойылған.
Ауданда осы күні 38 мыңға жуық тұрғын тұрады. Оның ішінде 14-35 жас аралығында 12257 жас бар. Бұл аудан халқының 32 пайызын құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-і жүргізіп келеді. Орталық мамандары ел игілігі жолында ауқымды жұмыс атқаруда.
– Сырдария ауданы бойынша жалпы жағдай тұрақты деңгейде. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен немесе есепте тұрған жастар тіркелмеген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру, профилактикалық және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында ақпараттық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойы жалпы саны – 94 іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында 3619 жас қамтылды, оның ішінде, ақпараттық түсіндіру мен кездесулерге қатысқан – 1242 жас, спорттық мәдени іс-шараларға – 1511 жас, кеңес алған – 866 жас қамтылды. Жалпы, NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс жасау жөніндегі жұмысшы топ отырысы құрылып, құқық қорғау органдарымен дербес бөлім басшыларымен кент және ауылдық округі әкімдері енгізілді.
Отбасылық цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы 555 жасты зерделеу жұмыстары жүргізілді. «Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру бойынша үй-үйді аралау бойынша адрестік жұмыстар нәтижесінде 308 жас өзектендірілді, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Сейітжанов.
Бүгінгі күннің мәліметі бойынша Отбасылық цифрлық картасынан өзектендірілген жастар 65 пайызды құрады. NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша Сырдария ауданы 89 пайызбен алғашқы үздік үштікте.
Жұмыссыз жастарды қолдау бойынша «Мансап» орталығына 1470 жас хабарласып, нәтижесінде 359 жас тұрақты жұмысқа орналасқан. «Жастар тәжірибесімен» 177 жас, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 7 жас, «Қоғамдық жұмыстарға» 129 жас тартылған.
Атқарылған жұмыс қатарында Жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында орталық тарапынан «Үздік бизнес идея» атты жобалар байқауы бар. Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 110 жас қамтылған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде, «Жасыл ел» еңбек жасағының аудан бойынша командирі Нұрай Жақсылық «Үздік командир» атанып, жастар арасында мерейі артты.
Пробация есебіндегі жастармен жұмыс бойынша орталық директоры: «Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда 29 азамат тіркеліп отыр. Бүгінгі күнге аталған жастарды оңалту, психологиялық кеңес беру жұмыстары, спорттық шаралар, TED X форматындағы кездесулер ұйымдастырылды» деді.
Атап айқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы бос жұмыс орындарына бағыттау, қысқа мерзімдік курсқа тарту, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, «Әлеуметтік желідегі діни радикалдық ақпараттардан сақтану» тақырыбында кездесу, психологиялық қолдау мен мотивациялық жұмыс бағыты бойынша арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 3 спорттық іс-шара ұйымдастырылған.
Кәсіпкерлік бағытқа аудан жастары да ден қойған. Негізінен аудан көлемінде 2400 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 680-і жас кәсіпкерлер.
– «Мансап» орталығы арқылы бірінші жартыжылдық бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 139 адамды қамту жоспарланса, оның ішінде грант алған жастар саны – 15. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша 31 жас білім алды, – дейді Нұржан Сейітжанов.
Әлеуметтік патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылған. Мәселен, Жеңістің 80 жылдығына орай «Тарихтан тағылым, ерліктен елдік» атты әскери-патриоттық сайыс, «Соғыстың соңғы солдаты» ҰОС ардагеріне құрмет көрсету іс-шарасы, мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында жүгіру марафоны мен челлендждер, «Әскери қызмет – ел қорғаны» атты кездесу өткізілді. Жыл басынан бері мерзімді әскери шақыру бойынша – 7 кездесу өтсе, әлеуметтік желілерге «Әскерге шақыруға» қатысты 4 бейнеролик жарияланған.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірнеше мәрте кездесу ұйымдастырылған. Кездесуде құқық бұзушылықтың алдын алу, лудомания, суицид, есірткінің зияны туралы ақпараттар айтылған.
Жастар саясатын тиімді жүргізу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жоспарлы жұмыс атқарылған. Нақты айтқанда мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылған. Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы жадынамалар таратылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында кең таралған 7 тренд бейнеролик түсірілген.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұлттық спортты дамыту бағыты бойынша қазақ күресінен ІІІ рет «Сырдария барысы» турнирі және «Жас келіндер» сайысы ұйымдастырылып келеді.
– Жастар мен жасөспірімдерді саламатты өмір салтына баулу және оларды спортқа тарту мақсатында – 12 спорттық іс-шара, жастармен еркін форматта кездесу, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында, бейнелеу мен шығармашылық іс-әрекетке негізделген «Арт терапия» атты жаңа жобасы, жастардың интеллектуалды ой ұшқырлығын дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Креативті бейсенбі» атты жоба және «Team building» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг, «Таза Қазақстан» республикалық акциясын кеңінен насихаттау, жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және таза қоршаған ортаны қалыптастыру мақсатында түрлі форматтағы акциялар мен сенбіліктер өткіздік, – дейді жыл қорытындысындағы өз есебінде жастар жетекшісі.
Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Жұмысшы мамандық – еңбектің асқақ бейнесі» атты сұхбат форматында кездесу, «Мамандығым – мақтанышым» атты арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг, «Еңбек – елдің ертеңі» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өткізілді.
Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Жайдарман» лигасы тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Биыл аудандық чемпионатта аудан көлемінде – 9 және Жалағаш ауданында – 1 команда маусым бойы өнер көрсетті. Облыстық жоғарғы лигада бір команда және облыстық мектеп оқушылары арасында өтетін «Сыр лигасында» бір команда өнер көрсетті. 2026 жылға жоспар – аудан құрамасын республикалық Жайдарман ойынына жіберу.
Волонтерлік бағыты бойынша жастар өз белсенділігін танытты. Қайырымдылық және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 623 волонтер тартылған. Атап айтқанда, аудан волонтерлерінің қатысумен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы және «Жақсылық жасап жарысайық», «Наурыз мейірімі» қайырымдылық акциясы өткізілген. Сонымен қатар «Жаңару мен жаңғыру» күні аясында экологиялық акция, «Тазару күні» аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты. «Игі істер» марафоны аясында қарт азаматтар мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсету мақсатында олардың үй ауласын тазалау жұмыстарын жүргізіп, Д және Е санатындағы азаматтарды, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларды жеке жас кәсіпкерлердің қолдауымен 15 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілген.
Міне, тағы бір жыл аяқталуға жақын. Аудан жастары жыл көлемінде атқарған жұмысына көңіл қуанады. Бастысы белсенді жастардың қатары қалың. Болашақ еліміздің дамуына атсалысып, ауданның мерейін асыратын жастарымыздың мерейі өсе берсін.
Бибісара ЖАНӘЛІ











