Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауыл амбулаториясы пайдалануға берілді

Ауыл амбулаториясы пайдалануға берілді

Аудандағы медицина саласындағы жылы ауқымды жұмыстың қатарына Шаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеуден өткенін қосуға болады. Бұл саладағы мемлекеттік бағдарлама аясында қол жеткен жетістік. Тарихы тереңде жатқан дәрігерлік амбулатория кезінде сол маңдағы бірнеше елді мекен тұрғындарына қызмет еткен іргелі мекеме. Талай жыл адам денсаулығы үшін күрескен ақ халатты абзал жандардың арқасында жаңа туған сәбилер өмірге келіп, күрделі жағдайдағы науқастар сауығып кеткен. Бұл әрине, ауданның білікті дәрігерлерінің табанды еңбегінің арқасы.

Міне, сол іргелі мекеме жылдар бойы тозы­ғы жетіп, ауылдық аурухана жабылып қалды. Бір­неше рет қайта құрылымдаудан өткен мекеме ауылдық амбулатория ретінде тұрғындарға қыз­метін жалғастыруда. Мұнда еңбек ететін дәрі­герлер мен орта буын медицина мамандары бір ғана елді мекеннің ғана емес, жақын маңдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмек көр­сетуге қауқарлы. Дегенмен ауыл халқының тілегі – күрделі жөндеуден өткізу мәселесі орын­далып, биыл тиісті қаржы бөлініп, осы күні жөндеу жұмыстары аяқталғаны қуанышты жаңалық.

– Қазіргі уақытта аудандық ауруханаға қа­расты Шаған ауылдық амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілді. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті мердігер мекеме жұмыс жасады. Ауыл тұрғындарының көп жылғы тілегінің арқасында дәрігерлік мекемеге қажетті қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңарған амбулаторияның денсаулық сақшы­лары алдағы уақытта ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсететін болады, – дейді амбулатория меңгерушісі Алтынай Өмірбаева.

Шын мәнінде, бес мыңға жуық халық тұратын ауылдағы емдеу мекемесі талапқа сәй­кес қайта жаңғырып, халық игілігіне берілді.

– Халық көкейінде жүрген мәселе оң шешімін тауып, емдеу мекемесі жаңадан салынғандай күрделі жөндеуден өтті. Ауылдың үлкендері бұл іске ризамыз. Ендігі жерде тұрғындар жаңарған, іші жарық, кең жерде емделетін болады. Білікті мамандардың арқасында ден­саулық жағдайымыз жақсарады. Сондай-ақ тұр­ғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда ауылға табиғи газ келгені аса қуанышты жаңалық. Ауызсуымыз бар, көшелер жөнделіп, жарықтанып тұр. Ендігі кезде ауылдың абаттануы мен тазалығына мән берсек, туған жеріміз көркейе түспек, – дейді ауылдың еңбек ардагері А.Атақаев.

Айту керек, бұл – аудандағы соңғы жылдары күрделі жөндеуден өткен ауылдық амбулатория қатарындағы ауқымды жұмыстың бірі. Әрине, басты талап – құрылыстың барынша сапалы, әрі ұтымды жүргізілуі. Бұл ретте күрделі жөндеу талап үдесінен шығып жүргізілді деген сенімдеміз. Сондықтан жыл соңында пайдалануға берілген емдеу мекемесінде ауыл халқы сапалы ем қабылдап денсаулықты түзейтін болады.

Бибісара ЖАНӘЛІ
20 желтоқсан 2025 ж. 27 0