Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қайта жаңғырған қос бөлімше

Қайта жаңғырған қос бөлімше

Биыл ауданның денсаулық сақтау саласы үшін табысты да нәтижелі, жемісті болды. Жыл көлемінде аудан медицинасы елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Осы жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен, облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масының бастамасымен аудандық аурухана жанынан облыстық деңгейде науқастарды қабылдайтын «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесі бар жаңа емдеу мекемесі пайдалануға берілді. Бұл бөлімшелердің жаңадан пайдалануға берілуімен жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.

Қазіргі кезде қос бөлімшеде ауыр халдегі науқастар мен ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін жандарға тәулік бойы ем-шара жүргізілуде. Оңалту іс-шарасын жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған. Мезгілімен науқастар ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады. Қос бөлімшеде 5 дәрігер, 50-ге жуық орта буын мамандары және кіші буын қызметкерлері бар. Сонымен қатар логопед, психолог, массаж, емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды. Облыс көлемінде паллиативтік көмек және медициналық оңалтуды алатын науқастар жылы әрі жайлы ауруханада қажетті ем-домын алуда.

– Жаңадан пайдалануға берілген бөлім­­ше­де осы уа­қыт­­­қа дейін ем-шарасын алған нау­қас­тардың қатары қалың. Денсаулық жағдайы ауыр, күрделі отадан кейін немесе аса қиын диагнозды басынан өткерген науқастардың медициналық көмек алуына мұнда бар жағдай жасалған. Тиісті дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. Орта және кіші буын медицина мамандары әрбір науқасқа жеке-жеке күтім жасап, дәрігер нұсқаулығына сәйкес тиісті ем-шарасын жасауда. Аудан көлемінде ғана емес, басқа аудандардан да жанына шипа іздеген жандар келіп, бөлім­шеге жатып, алған емнің нәтиже­сінде денсаулық жағдайын жақсартып, үйлеріне шығарылғандар алғысын айтуда. Қазіргі кезде бөлімше заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, – дейді дәрігер Гүлфарида Әбдібекова.

Бұл ретте, серпінге толы істерімен алдыңғы орыннан көрінуге ұмтылыс жасай білген Сырдария аудандық ауруханасына жыл басынан бері аймақ басшысының қолдауымен, облыстық денсау­лық басқармасының бастамасымен 14 автокөліктің кілті табысталды. Жаңа автокөліктер ең бірінші кезде қажет ететін емдеу мекемелеріне берілген. Бұл күні-түні адам денсаулығына бей-жай қарамайтын медицина мамандарына науқас жандарға дер кезінде көмек көрсетуге байланысты жасалған жағдай.

Сондай-ақ әр жылдары Асқар Тоқ­мағам­бетов, Қалжан ахун, Аманкелді ауыл­дарындағы емдеу мекемесі күрделі жөндеуден өтті. Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге көшкен денсаулық сақшылары қайта жаңғырған ғимаратта еңбек етуде.

Бибісара Жанәлі
20 желтоқсан 2025 ж. 27 0