Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Денсаулық сақтау саласы жаңа құралдармен жабдықталуда

Денсаулық сақтау саласы жаңа құралдармен жабдықталуда

Денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Бұл мақсатта үш міндетті шешу негізге алынған. Оның біріншісі – тұрғындардың саламатты өмір сүру салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту, екіншісі – медициналық көмек сапасын арттыру, үшіншісі – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы. Бағдарламаның негізгі басымдықтары бойынша ауданның медицина саласы тыңғылықты қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, негізгі құралдарды жаңартуға күш салуда.

Ауданның денсаулық сақтау саласы науқас адамдарға медициналық көмек көрсететін бірден бір мекеме. Жанына шипа іздеген әрбір жан басы ауырып, балтыры сыздаса ең алдымен емхана дәрігерлеріне көмекке жүгінеді. Сон­дықтан емдеу мекемелерін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қам­тамасыз ету – ең өзекті мәселе. Себебі дұрыс қойылған диагноз науқастың сауығып кетуіне бірден-бір себеп болатыны анық.

Соңғы жылдары Сырдария аудан­дық ауруханасының материалдық базасы жаңартылып жатыр. Емделушілерге қолайлы орта мен сапалы ем жүргізу мақсатында заманауи технологиямен аудандық аурухана базасын жабдықтау жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл ретте, аудан аумағында орналасқан емдеу мекемелеріне ақ халатты абзал жан­дардың жұмысын жетілдіру және жер­гілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында соңғы үлгіде шыққан бірнеше құрал-жабдық алынған болатын.

Жалпы, науқастардың денсаулық жағ­­дайын жақсартуға қатысты кешенді іс-шаралар жасалуда. Бұның барлығы – жер­гілікті тұрғындарға сапалы қызмет үлгісін көрсетуге тікелей қатысты. Расында, заманауи аппараттар дәрігер тарапынан тағайындалған ем-шараны жүргізуге бағытталады. Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтың басым бөлігі облыстық және республикалық бюджет есебінен алынған.

Жаңадан алынған медициналық құ­рыл­­ғылардың қатарында ота жасауға ар­­­­налған стол, рентген аппараты, көп функ­циялы төсек орын, спорттық жат­тығу­ларға арналған құрылғылар, гине­ко­логиялық кресло, науқас мониторы, диаг­ностикалық ультрадыбыстық аппарат секілді көптеген құрал-жабдық сатып алынды. Сонымен қатар аудандық емхананың «Стоматология» кабинетіне арнайы тіс емдеуге арналған, бірнеше бағыт­та қызмет көрсететін арнайы крес­ло алынып, табысталды. Массаж жасауға және науқастарға физиотера­пия емін тағайындау үшін бірне­ше аппарат пайдалануға берілді. Иә, ме­ди­­циналық мекемені жаңа құрал-жаб­дықтармен толықтыру мемлекеттік бағ­дарламаның бір бөлігі. Сондықтан ең алдымен тозығы жеткен аппарат орнын жаңа дүниелермен ауыстыру кезек күттірмейтін мәселе. Жұмысты ұтымды және сапалы ұйымдастыруда сала мамандарына заманауи технологиялардың көмегі айқын сезіледі. Енді науқас адамдар мен емделушілер облыс орталығына барып, әуре болмайды. Алдағы уақытта заманауи технологиялар мен аппараттар, медициналық құрылғылар жаңғыртудан өткізіле бермек. Әрине, жергілікті халықты жан-жақты емдеу барысында заманауи құрал-жабдықтардың атқаратын қызметі орасан зор.

– Сырдария аудандық ауруханасының материалдық базасы жыл өткен сайын барынша толықтырылып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауы негізінде сан түрлі диагностикалық аппараттар алынып, тұрғындар денсаулығын жақсартуға барынша жұмыс жасалуда. Күнделікті сапалы технологияның көме­гімен сырқаттардың денсаулық жағ­дайын саралауға ақ халатты абзал жандар зор мүмкіндік алады, – дейді аудандық емхананың бас дәрігері Жанар Жұмабаева.

Жақында Сырдария аудандық ауру­ханасының базасына жаңадан «AR-Mammo» цифрлы маммография аппараты табысталды. Қазіргі уақытта емханаға қарасты функционалды-диагностикалық бө­лімінің мамандары құны жоғары аппаратпен жұмыс жасауда. Денсаулық сақтау бас­қармасы басшылығының бастамасымен жүзеге асқан аталған аппараттың науқастың диагнозын анықтауға ықпалы зор.

– Жасанды технологияның заманында «AR-Mammo» цифрлы маммография аппаратымен жұмыс жасау тиімділігі жоғары. Бұған дейін аурухана базасында медициналық құрылғылар көптеп алынуда. Сала мамандары кәсіби біліктілігін арттыра отырып, заманауи технологияның игілігін көруде, – деді бас дәрігер.

Бибісара ЖАНӘЛІ

20 желтоқсан 2025 ж. 37 0