Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шағандықтар жол азабынан арылды

Шағандықтар жол азабынан арылды

Бес мыңға жуық халқы бар Шаған ауылына жақында «көгілдір отын» беріліп, көпшіліктің қуанышында шек болмады. Отын жарып, күл шығарудан арылған ауыл жұртшылығы ендігі жерде жолдың да азабын тартпайтын болады. Себебі арнайы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде елді мекенде 5 көше күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта көшені жөндеу жұмыстары аяқталып, тек зертханалық тексеруден өткізілуде.

Осыған дейін жолдың зардабын тарт­қан шағандық ағайын жаңа жолмен жүйткімек. «045 – аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтер­де автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы негізінде Шаған ауы­лындағы Тәліп Әлжанов, Тұрсын Мұхамеджанов, Аманкелді Иманов, Жұбатқан Бекпанов, Рамазан Оразғалиев көшелері күрделі жөндеуден өтті. Қомақты қаржыға жасалған әрбір көшенің сапалы болуына «РиА-Сервис ЛТД» ЖШС жа­уап­ты болды.

– Биыл шағандықтар үшін елеу­лі жыл болғанын жасырмаймыз. Бірнеше жылдан бері жөндеу көр­ме­ген көшелердің жаңаруы кө­ңіл­ге медеу сыйлады. Әрине, жауап­кершілікті сезіне отырып, мердігер мекеме көше жөндеу барысында ыждағаттылық танытты. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауыл­ды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге е­рекше жауапкершілікпен қарайды. Өз­де­ріңіз білесіздер, 2022 жылы халыққа ұсынған сайлау алдындағы бағдарламада ауыл мәселесіне айрықша назар аудардым. Алғашқы Жарлығым да ауылды дамытуға ар­налды. Соған сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ликасының ауылдық ау­мақ­тарын дамытудың 2023-2027 жыл­дарға арналған тұжырымдамасы әзір­ленді. Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыстар атқарылып жа­тыр» деген болатын. Әрине, мемлекет тарапынан ауылдық жерлерге қолдау ерекше, – деді ауыл әкімі Қанат Несіп­баев.

Расымен де, ауылға бөлінген бюджет көлеміне сәйкес жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Жолдың қиындығын көп көрген ауыл халқы атқарылған іске дән риза.

Шағандықтар келер жылдан зор үміт күтеді. Жаңа жылда ауылдағы Ғани Мұратбаев көшесін кеңейту жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ екі көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу көзделуде. Жалпы биыл 5 көшенің жөнделуі – ауылдың эко­номикалық әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың жемісі деп білеміз.
Балтабай АЯБЕКҰЛЫ


20 желтоқсан 2025 ж. 23 0