Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Халықтың мәңгілік құндылығы

Халықтың мәңгілік құндылығы

Тарих қойнауына енген әрбір жылдан жақсылық күтетініміз анық. Биыл біз тәуелсіздіктің отыз төртінші белесін бағындырдық. Өзім егемендік алған жылдардан бері мемлекеттік қызметке араласып, ауылдық жердегі саясаттың жүзеге асырылуына еңбек еттім. Қазақтың кең-байтақ жерінде мекен еткен әрбір отандасымыз еркіндіктің құнын айқын сезіне білгені анық. Ауыл әкімі ретінде жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тұрмыс сапасын көтеруге ерік-жігерімізді арнадық.

Желтоқсанның желі біздің отбасымызды айналып өтпеді. Өзімнің туған бауырым Сейфулла егемендік жолында басын бәске тікті. Қаншама рет қуғынға ұшырағанымен, бауырым мойы­мады. Ұлттың ертеңі үшін алаңдаған жалынды жастың қатарында болған арда азаматымыз бүгінде арамызда жоқ. Иә, Сейфулла секілді қанша жастың өмірі күрт өзгеріп кете барды. Бүгінде қос ұлы Астана қаласында тұрады. Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бері елдің еңсесі көтеріліп, әлем бойынша дамыған мемлекеттер саналатын дәрежеге жетті.

Тәуелсіз елдің еңсесі биік, болашағы нұрлы екенін көпшілік сезіне білді. «Азаттық – ата-бабаның қанымен келген қасиетті ұғым» десек, бостандықтың бағасын білген елдің болашағы берік болатынын ұғынуымыз керек. Халықтың мәңгілік құндылығы саналатын егемендіктің қадір-қасиетіне терең бойлай білейік.


Ғабдолла АЛДАНАЗАРОВ,
Асқар Тоқмағамбетов ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы

16 желтоқсан 2025 ж. 364 0