Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жергілікті сазгер – облыстық байқау жүлдегері

Жергілікті сазгер – облыстық байқау жүлдегері

Тереңөзектің қарымды қаламгері, ақын Мұхтар Сақтаповтың шығар­машылығы көзі қырағы оқырманға жақсы таныс. Ал оның ұлы Махмұт облыс көлемінде сазгерлік талантымен есімін көпшілікке әйгілей алған. Отыз сегіз жыл бойы аудандық мәдениет үйінде қызмет етіп келе жатқан Махмұт Сақтапов жақында ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Ақтөре Ибрагимұлымен бірлесіп, жаңа әнді жарыққа шығарды. Әннің атауы – «Құтты мекен – Қармақшы». Бұл ән Қармақшы ауданында өткізілген облыстық байқауда орындалып, жүлдегер атанып, І орынды иеленді.

«Киелі мекен – Қармақшым» тақырыбында облыстық сазгерлер мен ақындар байқауында топ жарған әннің мазмұны ерекше. Қос автордың ой ұшқырлығының, шығармашылық әлеуетінің арқасында дүниеге келген әннің тыңдарман жүрегінен орын алуы – бар мақтауға лайық. Бірнеше қатысушының арасынан суырылып алға шыққан Махмұт Мұхтарұлы осыған дейін жергілікті қаламгерлермен бірге 30-ға жуық әнді өз тыңдармандарына ұсынған. Көркемдік жағынан әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған әннің ғұмыры өміршең.

– Қармақшы, Қорқыт елі – қасиетті,
Қобызбен шерткен елге өсиетті.
Тәу етер тарихың бар тағылымды,
Ел-халық тағзым етіп, бас иеді, – деп басталатын әнді жазу барысында Мәкең екеуміз ұзақ ойланып, Қорқыттың елінің тарихын, құрылымын қамтуға тырыстық. Сазгердің ұсынысын қабыл алып, осы алыптарға алтын бесік болған Қармақшының қа­сиетке толы мекенін жырға қостым. Жалпы таби­ғатынан Махмұт Мұхтарұлы өз шығармашылық әлеуетін қалыптастыра алған жан. Өнермен өмірі ұш­тасқан сазгермен әлі де көптеген туындыны жарыққа шығаратынымыз анық. Облыстық байқауда жүлдегер атанған аудан мақтанышын шын жүректен құттықтаймын, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Осы туынды бір күнде дүниеге келген. Сазгер Махмұт Сақтапов әнді әрлеп, нотаға түсіріп, өзіндік шығарманың негізін қалыптастырған. Әнді жас әнші Абылайхан Бәйділдаев орындады.

– Қашанда ән әлемінен алыс­тамаған мен үшін сазгерлік қызметтің орны ерекше. Алғаш 1988 жылы аудандық мәдениет үйіне жұмысқа келгенімде үл­кендердің ақ батасын алдық. Бүгінде өзіміз де жастар ақыл сұрайтын кезеңге келіп қалдық. Облыстық байқауда жүлделі орын алып қана қоймай, Қармақшы ауданының өнерпаздары үшін жаңа, тың дүниені ұсына білдік. Әннің сөзін жазып, қолдау көрсеткен ақын Ақтөре Ибрагимұлына шынайы алғысымды жеткіземін, – дейді сазгер Махмұт Сақтапов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

13 желтоқсан 2025 ж. 36 0