Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Асық ату – атадан қалған асыл мұра

Асық ату – атадан қалған асыл мұра

Асық ату – қазақ халқының көне дәуірден келе жатқан төл ұлттық ойыны. Ол тек ермек емес, баланың ептілігін, мергендігін, төзімділігін шыңдаған, жігіт болудың алғашқы мектебі саналған. Бүгінде бұл ойын ұлттық спорт түріне айналып, қайта жаңғырып келеді. Жақында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында партияның аудандық филиалының ұйымдастыруымен асық атудан жарыс өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы, аудандық спорт клубының директоры Д.Әлжанов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Асық ойыны – ұлттық ойындар ішіндегі ең көнесі. Асық ату – тек қазаққа ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ ұлттық игілік. Бұл ойын түрі ең алғаш ежелгi түркілердiң арасында пайда болыпты. Дүние жүзі медицина мамандары бүлдіршіндердің қозғалысы аз болғандығынан көптеген аурулар пайда болуда деп дабыл қағуда. Сондықтан да қоғам мүшелерін ұлттық спорт ойындарына баулу заманның талабы болып отыр. Ұр­пағымыздың саулығы, ұлтымыздың саламаты үшін денсаулыққа пайдалы, салиқалы, саналы ұлттық ойындарын жаңғырту бізге басты міндет екені сөзсіз. «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында партияның аудандық фи­лиалының ұйымдастыруымен өт­кі­­зілген спорттық жарыс осы мақсаттарды қамтиды, – деп атап өтті Ақтөре Ибрагимұлы.

Жарысқа партия мүшелері белсене қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
13 желтоқсан 2025 ж. 29 0