Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Пиротехника: адам өміріне қауіптілік жоғары

Пиротехника: адам өміріне қауіптілік жоғары

Жылдың соңғы айы ішкі істер саласы мамандары мен төтеншіліктердің жұмысы қызатын уақыт. Алдағы жаңа жыл мерекесінде олар күшейтілген режимде тәртіпке көңіл бөледі. Яғни, аудандық полиция бөлімінің бастығының арнайы бұйрығы негізінде 2025 жылдың 3 желтоқсан және 2026 жылдың 5 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ең алдымен, тұрғындар қауіпсіздігіне баса назар аударған құқық қорғау саласының әрбір маманы заң аясында жұмыс жасау­да.

Әрине, бұған дейін олқылықтың орны толмайтынын, пиротехника адам өміріне аса қауіпті екенін аңғарып жүрміз. Республика аумағында от шашудан зардап шеккен жандар заматында өмірімен қоштасып немесе денсаулығына зиян келтіріп жатады. Мерекенің сәні болғанымен, адам өміріне қауіптілігі жоғары екенін естен шығармаған абзал. Күнделікті аудан көлемінде сауда орнын аралаған тәртіп сақшылары түсіндірме жұмысын жүргізуде.

– Қазіргі уақытта заңды және жеке тұлғаның азаматтық пиротехникалық бұйымды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету тәр­тібін сақтау барысын тексеру рейд уақытында жүргізілуде. Серти­фи­кат­талмаған пиротехникалық өнімді көтерме жеткізетіндерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша іс-шара қатаң жасалуда. Балалар арасында жарақаттануды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түсетін полиция жасақшыларының, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ мектептегі полиция инспекторының назар аударатын факторы жеткілікті. Кәмелетке толмағандардың пиро­тех­­никалық бұйымды оқу орнының аумағында пайдалануға тыйым салу көзделген. Ал пиротехникалық өнімді автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдаудың заңдылығын тексеру мәселесі өз маңыздылығын жоймайды, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Беркімбаев.

Расында, арнайы сертификат­тал­маған, рұқсат қағазы жоқ от шашу өнімінің сан түрлісі жаңа жылда көбейіп кетеді. Мұндайда сапаға көңіл бөлген жөн. Кез келген саудагер пиротехниканың жарамдылық мер­зіміне көңіл бөліп, қауіпсіздік талабына мән бергені дұрыс. Заң бұзушылық орын алған жағдайда кәсіпкер әкім­шілік жауапкершіліктен құтыла алмасы анық.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

13 желтоқсан 2025 ж. 370 0