Тұрмыста газ баллонын қауіпсіз пайдалану
Газ баллоны – көптеген ауылдық және қала маңындағы үйлерде кең қолданылатын тұрмыстық отын көзі. Алайда оларды дұрыс пайдаланбау елеулі өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан әрбір отбасы газ баллонмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін білуі қажет.Газ баллонды орнату талаптары:
– Газ баллонды арнайы желдетілетін, құрғақ, жерасты суынан қорғалған орында сақталуы тиіс;
– Оны тұрғын бөлмелерде, жертөледе немесе қоймада орнатуға қатаң тыйым салынады;
– Баллон тік күйде және бекітілген түрде тұруы керек;
– Күн көзі тікелей түсетін және қызу көзі (пеш, жылыту радиаторы, электр құрылғылары) жанында орналастырмаңыз.
Қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
– Газ құрылғыларын қосудың алдында шлангілердің бүтіндігін, қосылыстардың тығыздығын тексеріңіз;
– Баллондағы вентильді жайлап ашып, ешқашан күшпен бұрамаңыз;
– Газдың иісі сезілген жағдайда дереу құрылғыны тоқтатып, бөлменің есік-терезесін ашып, желдетіңіз;
– Үй ішінде жарық не электр құрылғыларын қоспаңыз – бұл ұшқын тудырып, жарылысқа әкелуі мүмкін;
– Тек сертификатталған жабдықтарды және газға арналған резеңке шлангілерді қолданыңыз.
Газ ағып кеткендегі әрекеттер:
1. Газ беруді бірден тоқтату;
2. Бөлмені толық желдету;
3. От ашуға, темекі тартуға, жарық қосуға болмайды;
4. Авариялық газ қызметіне хабарлау;
5. Маман тексерісінен кейін ғана газды қайта қолдануға рұқсат етіледі.
Баллонды тасымалдау және сақтау:
– Баллондарды арнайы қақпағы орнатылған жабық күйде тасымалдаңыз;
– Тік тұрғызылған күйде бекітіп қойыңыз;
– Жанар-жағармай станциялары немесе газ құю пункттерінен басқа орындарда баллон толтыруға рұқсат етілмейді;
– Бос және толы баллондарды бір-бірінен бөлек сақтаған дұрыс.
Жиі кездесетін қателіктер:
– Баллонды үйлердің ішінде немесе пештің жанында сақтау;
– Арнайы мамансыз газ құрылғыларын орнату;
– Жарамсыз, ескі шлангі мен реттегіштерді қолдану;
– Мұндай қателіктер өрт немесе жарылыс қаупін едәуір арттырады.
Қорытынды: Тұрмыста газ баллонын қауіпсіз пайдалану – әрбір азаматтың міндеті. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өзіңізді ғана емес, отбасыңызды және мүлікті қауіптен қорғай аласыз. Газбен жұмыс істегенде абай болыңыз және күмәнді жағдайда міндетті түрде мамандарға жүгініңіз.
Сырдария ауданы ТЖБ










