Жемқорлықпен күрес тоқтамайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президенттік қызметке кіріскен алғашқы күннен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бағытында ауқымды реформаларды жүзеге асырып келеді. Сол реформалардың ең маңыздысы – 2025 жылғы 30 маусымдағы Жарлыққа сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикоррупциялық қызмет) Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылуы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Мемлекет басшысы нақты әрі өте маңызды шешім қабылдады. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының бесінші тармақшасына сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту және арттыру мақсатында қабылданды.Біріншіден, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)» деген жол алынып тасталды. Ең маңыздысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына қызмет туралы ереженің жобасын ұсынды.
Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың басты парызы. Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бекерден бекер қосқан жоқ. Бұл жемқорлықтың ұлттың болашағына, қауіпсіздігіне қатер төндіретін үлкен кесел екенін аңғартады. Сондықтан әр адам жеке жауапкершілік танытып, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресу керек. Сонда ғана елдің болашағы баянды болады.
Ақерке НҰРҒАЛИЕВА
Фото: Ашық дереккөзден











