Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өнер мектебі – таланттар шеберханасы

Өнер мектебі – таланттар шеберханасы

Қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін дәріптеуде өнер мектебі ұстаздарының орны ерекше. Ұлттық тәрбиені өнермен ұштастырып, дарыны мен таланты үйлескен өнерпазды дайындап шығару нағыз ерлік. Қазаққа тән аспапты жанымен сезініп, жас өренді өнерге баулу – ұстаздың алдына қойған мақсаты. Жақында Сырдария ауданының өнер мектебінде «Қазіргі заман жағдайында жасөспірімдерге ұлттық білім беру: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш және Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты Сырдария аудандық, Шаған, Аманкелді, Шіркейлі ауылдық өнер мектептерінің ұжымы қатысты. Ұстаздар аудандық өнер мектебінің бірнеше сынып жұмы­сымен танысып, пікір алмасты. Іс-ша­раны Қызылорда облысының білім бас­қармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархад Досаев және Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ашып, өнер мектебі ұжымдарына сәттілік тіледі.

– Қазіргі таңда ұлттық тәрбиенің құндылығын барша ұстаз қауымы дәріптеу маңызды. Оның ішінде салт-дәстүр, ұлттық спорт, өнер болсын жас ұрпақ бойына сіңіріп, өсуі керек. Бүгінгі тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырылған облыстық семинарда барша ұстаз білгенімен бөлісіп, пікір алмасу алаңы құрылатыны анық. Ең бастысы дарынды және талантты өскелең өрендерді өнерге баулу жолында ұлттық тәрбиенің маңызы мен мазмұнын ұғынған абзал. Білім беруде әдістемелік нұсқаулық қажетті құралдың бірі. Оны тиімді әрі пайдалы етіп дайындап, оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру мұғалімдердің енші­сінде. Сондықтан талантты жас­тардың дарынын ашуда барынша күш-жігер салу керек, – деді Фархад Лиясұлы.

Әрі қарай Сырдария ауданының өнер мектебінің директоры Марат Сандыбайұлы «Музыкалық білім беру­дегі ұлттық және жаһандық құн­ды­лықтардың сабақтастығы» та­қы­ры­бын­да баяндама оқып, таныстырды. Семинар Сырдария аудандық білім бөліміне қарасты өнер мектептерінде қызмет ететін ұстаздардың тәжірибе алмасу шеберлік сағаттарымен жал­ғасты.

Алғашқы шеберлік сағатты Сырдария аудандық өнер мектебінің ұстазы Сәрсенкүл Пірмағанбетқызы «Қобыз аспабын қазіргі заманауи технологиялық тиімді тәсілмен үйрету» тақырыбында өткізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Одан әрі «Сольфеджио сабағының алғашқы кезеңінде ритмикалық суреттер мен қимылдарды қолдану тәсілі» тақырыбында аудан­дық өнер мектебінің мұғалімі Бақыткүл Сәдірбаева өткен шеберлік сағатында, қатысушылар арасында жаңашыл әдіс­тер туралы пікір алмасу болды.

Ұлттық құндылықты дәріптеуде сабақты заманауи бағытта, жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушы­лардың қызығушылығын арттыра білу керектігі туралы Шаған ауылдық өнер мектебінің мұғалімі Бибігүл Айтуғанқызы шеберлік сабақ өтті. «Дом­быра аспабында оқушыға жасанды интеллектпен ұлттық тәрбие беру және жаңашылдық форматта сабақ көрсету» тақырыбында өрбіген пікір алмасу алаңы – нағыз жаңашылдықтың айқын көрінісі бола білді. Шіркейлі ауылдық өнер мектебінің ұстазы Гүлпатшайым Кәрібайқызы ерекше тақырыбы­мен қатысу­шылардың қызы­ғушылығын аша түс­ті. «Дикция. Артикуляциялық аппаратпен жұмыс» атты шеберлік сабағында оқушылардың таланты мен ынтасын ашуда біршама жұмыс істеу керек екендігін айтып өтті. Ал, қазақтың жыраулық өнерін қалыптастыруда өз үлесін қосып жүрген Аманкелді ауылдық өнер мектебінің ұстазы Ғасырбек Шәпиев – ұлттық болмысты дәріптеуде «тәрбие» маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді. «Жыраулық өнердің ұлттық тәрбие берудегі маңыздылығы» тақырыбында өрбіген шеберлік сағаты қатысушылардың көңілінен шығып, жоғары деңгейдегі тәжірибе алмасу сабағы болды.

Облыстық семинарды Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Мұстафа Мамытов қорытындылады.

– Аймаққа қарасты 7 ауданнан кел­ген семинарға қатысушы ұстаздар тәжірибе жинақтады деген ойдамын. Жалпы әдістемелік форматқа бай ұйымдастырылған шеберлік сағат­­тар жоғары деңгейде өтті. Жаңа­шыл бағытта өрбіген тақырыптар мазмұнды әрі ұлттық тәрбиені беруде оңтайлы әдіс-тәсілдермен толықты. Оқушы­лардың қызығушылығын арттырып, талантын ашуда біршама жұмыс жасау керектігі де айқын көрініс тапты. Жасанды интеллектіні сабақ барысына көмекші құрал ретінде қосу да жас өреннің сабаққа деген ынтасын ашатыны анық. Сондықтан бұл бастаманы қолдана отырып, ұлттық тәрбиеден де алшақтамауымыз керек, – дейді сала маманы.

Семинар соңында Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің әдіс­кері Мұстафа Бердібекұлы үлгілі сабақ көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөліс­кен және семинарға атсалысқан ұстаз­дарды марапаттады.

Г.ТАБЫНБАЙ

02 желтоқсан 2025 ж. 63 0