Қызылордада «Бізді біріктірген шаңырақ» медиа-фесті өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда қаласында облыстық Ассамблея жанындағы Журналистер клубының жылдық жұмысын қорытындылайтын «Бізді біріктірген шаңырақ» медиа-фест – 2025 салтанатты түрде өтті. Бұл күні өңірлік медианың ең белсенді өкілдері бас қосып, бір жыл бойы бірлік пен татулық, қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттаудағы ортақ еңбегін саралады. kyzylorda-news.kz Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйлеп, журналистердің қоғамдағы рөлі мен ақпараттық кеңістіктегі ықпалын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Журналистер мен сарапшылар клубы этножурналистика бағытын дамыту арқылы аймақтағы этносаралық татулық идеясын жүйелі насихаттап, шығармашылық пен қоғамдық жауапкершілік тоғысатын алаңға айналған.










