Apple өкілдері ақауы бар iPhone 8 смартфондарын анықтады

Корпорацияның сайтындағы материалдарға қарағанда ақаулар 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың наурыз айлары аралығында АҚШ, Аустралия, Қытай, Үндістан, Жапония, Жаңа Зеландия сияқты елдерде шығарылған телефондарда байқалған.
Мұндай кемшіліктің салдарынан телефондар ойламаған жерден өшіп, қайта қосылып, тіпті қосылмай қалуы мүмкін екен. Бірақ Apple өкілдері ақауы бар смартфондарды тегін жөндеуге уәде берді. Сондай-ақ, олар iPhone 8 Plus смартфондарында мұндай проблеманың жоқ екенін айтып өтті.
kaz.tengrinews.kz
Пікір 2