Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » iPhone 12-ның зияны белгілі болды

iPhone 12-ның зияны белгілі болды

Apple өзінің ресми сайтында iPhone 12 смартфондарының денсаулыққа зиян келтіретін магниттермен жабдықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Heart Rhythm» ғылыми журналында смартфонды жылдам қуаттау үшін орнатылған MagSafe магниті кардиостимулятордың жұмысына кедергі келтіруімен қатар, оны өшіруі мүмкін деген пікірлер айтылды.

Генри Форд атындағы жүрек-қан тамырлары институтының ғалымдары бірқатар эксперимент жүргізіп, олардың болжамдары расталды. Ғалымдар iPhone 12 смартфонын Medtronic кардиостимуляторы қойылған науқастың кеудесіне жүрекке жақын етіп орналастырған. Нәтижесінде, iPhone таратқан магнит өрісі кардиостимуляторды өшірді.

Бір қызығы, 12-ші iPhone өндірушісінің өзі оның қаупі туралы ескертіп отыр.

«iPhone-да магниттер мен электромагниттік өрістер шығаратын компоненттер бар. Олар медициналық құрылғылардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін», делінген өндірушінің ресми сайтында.

Медициналық құрылғыларға кедергі келтірмеу үшін Apple компаниясы жаңа iPhone құрылғысын олардан алыс ұстауға кеңес береді.
28 қаңтар 2021 ж. 477 0