Тұғыры биік туған тіл
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады.Тіл- қай ұлттың болмасың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.
Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Яғни, тілдің, сөздін орны ерекше. Осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ешқашан ешуақытта ұмытпайық. Әр бір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.
Пірімбет Гүлшат Ибайділдақызы
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
бас маман сот отырысының хатшысы
бас маман сот отырысының хатшысы










