Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Адам папиллома вирусы» тақырыбында баяндама оқыды

«Адам папиллома вирусы» тақырыбында баяндама оқыды

Сырдария аудандық Сэб басқармасында өткізілген брифингте «Адам папиллома вирусы» тақырыбында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы   Ұлжан Нұрбаева баяндама оқыды.

Бүгінгі күні Сырдария ауданы бойынша 137 жасөспірім қыздар АПВ екпесінің 1 түрін  және 82 жасөспірім қыздар 2 түрін алды. Вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. АПВ вакцинасы 6 айлық аралық пен екі рет егіледі.

Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – осы вирусқа қарсы вакцина салдыру екені қазір ғылыми дәлелденген.  Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі.

Қолданылатын вакцина – АҚШ-та жасалған «Гардасил». Вакцина қауіпсіз және вирустың ДНҚ-сы жоқ. Аллергиялық реакциялардың ықтималдығы минималды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, вакцина 10 жылдың ішінде әсерін жоғалтпайды және жыл сайын егу қажеттілігі жоқ.

Фото: ашық дереккөзден
19 қараша 2025 ж. 295 0