Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

№87 газет

15 қараша 2025 ж.

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Табиғи газ – татымды тіршілік кепілі

Табиғи газ – татымды тіршілік кепілі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына іс-сапармен келді. Ең алдымен аймақ басшысы Шаған ауылдық округіне барып, ауылдық округке табиғи газ беру салтанатына қатысты. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Әріп Хожбанов, Қазақстанның Еңбек Ері, облыс және ауданның Құрметті азаматы Абзал Ералиев және құқық қорғау органдарының, жауапты департамент, басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

– Жақында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеу­меттік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Сапар кезінде Сыр өңірі­нің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвес­тициялық жобаларды жүзеге асыру барысын баяндадым. Президентіміз Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдауда. Мемлекет басшымыз алға қойған жоспарлар­ды уақытылы әрі сапалы іске асыру­дың маңызын атап өтті. Аймақта ин­вес­тициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Президентіміздің Сыр өңі­рінің даму қарқынына, атқарылған жұмыс­тар­ға берген оң бағасы – бәріміз үшін зор мәртебе. Биыл өңіріміздің негізгі мак­ро­­экономикалық көрсеткіштерінің өсі­­мі қам­та­масыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн теңгеден асады. Соңғы үш жылда өңір экономикасына 1 трил­лион 600 млрд теңге құйылса, осы жылы 720 млрд теңгеден астам инвес­тиция тартылады. 2025-2028 жылдары 2 трлн теңгеден астам қаржыға 90 инвес­тициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облысымыздың бюджеті 851 млрд 300 млн теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Баршаңызды Шаған ауылына табиғи газ қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәрі­міз­­дің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын тұрмыс-тіршілігіміздің тынысын ашып, отба­сының жылуын, Отанымыздың қуа­тын арттыра берсін! – деген облыс әкімі аймақтағы атқарылған жұмыстар мен оң нәтижелерге тоқталып өтті.


Салтанатты іс-шара барысында аудан­­­­ның әлеуметтік-экономикалық дамуы­на тынымсыз еңбегімен үлес қосқан арда­­герлер мен газдандыру жұмыс­тарын жүргізген мердігер мекеме қыз­мет­­керлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Одан кейін Сырдария ау­­данының Құрметті азаматы Әріп Хожбанов сөз сөйлеп, ауыл тұрмысын оңал­­ту мақсатында атқарылып жатқан игі істер­дің оң болуына тілектестік білдірді. Аймақ басшысы газ қосу рәсімінен кейін ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-пікір алмасты, өтініш-тілектерін тыңдады. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елдің тыныш болуын тілге тиек етті.

– «Газ келсе, жаз келеді» деп бекер айтпаса керек. Бүгін ауа райы да тамаша болып тұр. Қаншама халық тұрмыстың жеңіл­дегеніне дән риза. Облысымыз, ауданымыз өсіп-өркендеп келе жатқанын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқып біліп, көзімізбен көріп те жүрміз. Бүгінгі тарихи күнді ауыл тұрғындары асыға күтті. Енді от жағу машақаты жеңілдейтін болды. Бұл ауылымыз үшін өте жақсы жаңалық деп білеміз, – дейді ауыл тұрғыны М.Құсайнов.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы «Руханият орталығында» құ­қық қорғау органдарының бірінші бас­шылары­мен бірге аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Халыққа құқықтық кө­мек көрсетіліп, көпшілік көкейдегі сұрақ­­­тарына жауап тапты.



Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту және жер үлесі мәселелерін көтерді. Тереңөзек кентінің тұрғыны баласын тұрақты жұмысқа орналастыру жайын қозғаса, зейнеткер Қызылорда қаласынан тұрғын үй беруді сұрады. Ал, Қалжан ахун ауылының тұр­ғыны құқық қорғау органдарының шешіміне келіспейтінін жеткізді. Облыс әкімі әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сұрақтары бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырма берді. Құқық қорғау органдарының бас­шыларына өз мәселесін жеткізген сыр­­дария­лықтар заң аясында тиісті түсіндірме алды. Ашықтық қағидасына негізделген қабылдауда жалпы саны 50-ден астам азаматтың өтініші қаралды. Ал облыс әкіміне 20-ға жуық тұрғын өз сұрақтарымен келді. Одан кейін облыс басшысы аудан ардагерлерімен кездесіп, пікірлесті.





А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

18 қараша 2025 ж. 35 0