Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстан елшісі Канаданың губернаторына сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан елшісі Канаданың губернаторына сенім грамотасын тапсырды


Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайеттке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпара агенттігі.
ҚР СІМ хабарлағандай, рәсім Генерал-губернатордың ресми резиденциясы болып саналатын Солтүстік Американың ең ескі әскери құрылыстарының бірі - Квебек қамалының аймағында өтті.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ж.Пайетт ханым Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастардың қарқынды түрде дамуын атап өтіп, Канада Қазақстан жүргізіп жатқан реформаларды, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеді.
Екіжақты кездесу барысында Канаданың Генерал-губернаторына Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 1 шілдеде өтетін Канада күніне орай құттықтау хаты табысталып, онда Ж. Пайетт тараптарға ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге шақырылды.
Елші А. Камалдинов Астана мен Оттава арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын толықтай сипаттап берді. Қазақстанның канадалық тараппен ҚР экономикасының үшінші модернизациясы аясында тығыз жұмыс жасауға дайын екендегі ерекше аталып өтті. Сондай-ақ, кәсіби ғарышкер бола тұра, бұрын бірнеше рет Байқоңырда болғанын атап өтті.
Ж.Пайетт Мемлекет басшысына жылы құттықтауы үшін алғысын білдірді және Астана мен Оттава арасындағы тығыз саяси диалогты жалғастыруға деген үмітін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың болашағы бар жаңа салаларды қарастыруға және барлық деңдейдегі екіжақты байланыстарды арттыруға келісті.
01 шілде 2018 ж. 1 084 0