Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Сотты құрметтемеу жауапкершілікке әкеп соғады

Сотты құрметтемеу жауапкершілікке әкеп соғады

Сотты құрметтемеудің көріністері сот жұмысында келеңсіз салдарды туғызып отырады. Адамның тағдырын таразылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал осы істі мемлекет атынан атқарып отырған судьяның біліміне парасаты сай болғаны абзал. Елдегі әділеттің айнасы, тура төрелік айтудың кепілі болған судьялар бұл жоғары міндетті атқару үшін үлкен сыннан өтеді.

Сондықтан халық сенетін, әділ­дікті шешеді деп үміт артатын сотты құрметтеу – ел азаматтарының парызы.
Сотқа құрметтемеу көрсеткен жағ­дайда кінәлі Қазақстан Республи­касының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік жауап­кершілікке тартылады.

Сот ғимаратының табалдырығын атта­ғаннан бастап бұл жауапкершілікті әрбір жан сезінуі керек. Тура би алаңында жалған сөйлеп, көрер көзге шындыққа жанаспайтын куәгерлік көр­сету де сотты сыйламаудың бір түрі. Әсіресе, сот шешіміне өз сөзінің тікелей әсер ететінін біле тұра, шақыр­туға себепсіз келмегендер сотты құр­меттемей тұрғандарын түсінуі керек.

Шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп, тіпті SMS хабарламалардың көмегімен жеделдік артқан мына заманда сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, Қазақстан Республикасының Заңын да сыйламау болып табылады. Сотқа шақыруға келмеген немесе одан жал­тарған азаматтардың кесірінен сот про­цесінде дәлелдемелердің зерттелуі киындауы мүмкін, сонымен қатар орын­дау міндетіне кіретін сот процесін тәрбиелік мәнінен айыруы ықтимал.

Қазақстан Республикасының әкім­­­­шілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабында көрсетіл­ген­дей, сотқа құрмет­темеушілік білдіру деген процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағи­даларды бұзудан көрiнген сотты құр­мет­темеушiлiк, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) – ескерту жасауға, не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Аза­маттық процестік кодексінің 119-бабында сотқа құрметтемеушілік білдір­гені үшін жауаптылық шаралары көр­сетілген.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі Конституциялық қағидатын және сот төре­лігінің міндеттерін іске асыру мақ­сатында қолданады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауап­тылыққа тартылады.
Егер сот отырысында тәртіп бұзу­шының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңға қарсы жасалған әрекет үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.
Заң сот процесіне қатысушылардан мем­лекеттік сот билігі институты ретін­де сотты құрметтеуін талап етеді.

О.ДҮйсенов,
Сырдария аудандық сотының
бас маман аға сот приставы

11 қараша 2025 ж. 86 0