Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Той сәні – тойтабақ

Той сәні – тойтабақ

Қазақтың өмір салтында тойдың орны ерекше. Жыл ағымына қарай той саны артуда. Ал сол тойды ерекшелей түсетін ол – тойтабақ. Қазақы салтымызды айқындайтын бұл үрдіс ежелден келе жатыр. Бұрындағы атауы «кәдесый» болған. Бірақ атауы өзгеріске ұшырағанымен мағынасы сол қалпында сақталған. Осы ұлттық болмысымызды айқындайтын, қазақы салтымыздың бүгінгі таңда жаңарып, кеңінен өріс алуы қуантарлық жағдай. Тойдың сәнін келтіретін тойтабақты әзірлейтіндер қатары да аз емес. Бірақ оның түрлі бағыты да болады екен. Соның бірі гипстен жасалатын ақша жинайтын мүсін. Бұның қыр-сырын үйреніп, тойға тапсырыс қабылдап жүрген Бесарық ауылының тұрғыны Айдана Алмасбекқызы бастағанына көп уақыт өтпесе де жұмысы көптің көңілінен шыққан.

Өзі қолөнерге жақын Айдана бұл кәдесый жасаумен айналысып жүр­геніне бір жыл енді болғанын айтып өтті.

– Мен бұл тойтабақ түрін бастамас бұрын шеберлік сабағын алып, қолымды жаттықтырдым. Өзімнің де икемім бар болғандықтан тез үйреніп алдым. Бірақ бастапқы жасағандарым сәтсіз шықты. Бірден тапсырыс алған жоқпын. Әбден қыр-сырын үйреніп, қолым жаттыққанша бос уақытымда жасай бердім. Алғашқы тапсырысым қыз ұзату тойына 250 дана сандықша (шкатулка) болатын. Әр данасын әсемдеп, сыртын тапсырыс иесінің қалаған түсіне бояп беремін. Сыртын арнайы қаптап, иесіне тапсырамын, – дейді шағын кәсіп иесі.

Бұл кәсіпті өзінің жеке хоббиі ретінде көретін Айдана Алмасбекқызының бастаған ісіне отбасы толықтай қолдау білдіреді. Сонымен қатар әр тапсырыс қабыл­даған сайын тойтабақ жасау ісіне жолдасы, ата-енесі, балалары да көмектесіп, қол ұшын созады. Айдананың өзі гипсті қалыбына құйып дайындаса, қалғандары керекті түске бояп, сыртын қаптап дайындайды. Бұл отбасының ұйымшылдығы мен ауыз­бірлігінің айқын көрінісі.

– Тапсырыс жиі түсетін кездер де болады. Яғни қыстың кезі тап­сы­рыс азаяды. Жаз – той өткізетін ең қолайлы мезгіл болғандықтан кейде кейбір тапсырыстарды қабылдай алмай қалатын жағ­дайлар да болып тұрады. Тек өзімнің бос уақытыма қарай ыңғайлап қана тапсырыс қабылдаймын. Тапсы­рыстардың ішіндегі ең көбі ат мүсінді 270 дана ақша жинайтын қорапша болды. Тіпті оның жеке дарасының өзін ауыл­да сатып алатындар болатын. Қазіргі таңда кәсібім қарқынды дамып жатқандықтан болашақта үлкейту жағын да қарастырып жатырмын, – дейді Айдана Мұхамедиярова.

Бұл гипстен жасалатын той­табақтың негізгі құрамы гипс, су және арнайы мүсіндегі қалыптар. Сондай-ақ әсемдеп бояуға алтын және күміс түстегі жылтыр бояғыштар керек екен. Осы заттардан мықты жасалған тойтабақ дайын болады. Айдана Алмасқызының алдағы уақытта осы бір хоббиін кәсіпке айналдырып, қосымша тағы да бұйым, түрлі заттарды шығару ойында бар.

Г.ТАБЫНБАЙ

08 қараша 2025 ж. 40 0