Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 85 газет

08 қараша 2025 ж.

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Сырда туған сыршыл ақын

Сырда туған сыршыл ақын

Сыр өңірінің мәдениеті мен әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның бірі – Қайырбек Асанов. Өзінің салмақты да салиқалы жырларымен қазақ поэзиясында сүбелі қолтаңбасы бар, журналистика саласында 40 жылдан аса абыройлы қызмет атқарған қарымды қаламгер. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Қайырбек Асановтың биыл 80 жасқа толуына орай «Руханият орталығында» аудандық кітапхана мен кент мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Өлке болып оқиық» жобасы аясында «Сырда туған сыршыл ақын» атты поэзия кеші өтті.

Тағылымы мол іс-шараға Халы­қ­аралық «Қазақ тілі» қо­ғам­дық бірлестігі аудандық филиа­лы­­ның төрағасы Шаһарбек Балтабайұлы, кітапхананың құр­метті ардагері Раушан Тұрсын­бай­қызы, кент әкімдігі бастауыш ұйымының төрайымы Әсия Нұрылда­қызы, ақын Қайырбек Асанов­тың қарындастары Күлтай Асанова мен Гүлбахрам ­Асанова және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Алдымен поэзия кеші кітап көрмесін таныс­тырумен бастау алды. Одан әрі оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Индира Картбаева көрме туралы ақпарат айтып, кешті жүргізіп отырды. Шығармашылық кеш қаламгердің туған жер туралы жырлаған өлең шумақтарын оқушылар жат­қа оқумен жалғасын тапты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Тараз қаласының және Сырдария ауданының құрметті азаматы Қайырбек Асановтың өмір жолы туралы айтылып, шығармашылығына тоқталды. Ізі­нен ерген жас ұрпақтары өлең­дерін тебірене оқып, көрерменді тәнті етті. Ал кент мәндениет үйі­нің әншісі Ақтолқын Аққошқызы ән-шашуымен жұрт­шылықтың жү­ре­гінен орын таба білді.

Шығармашылық кеште Ха­лықаралық «Қазақ тілі» қо­ғам­дық бірлестігі аудандық филиалы­ның төрағасы Шаһарбек Балтабайұлы сөз алып, осындай іс-шара­ның қатары арта беру керектігін айтып өтті.

– «Өлке болып оқиық» жобасы аясында ауданымыздан шыққан ақын-жазушыларды дәріптеу мақ­сатында ұйымдастырылып келе жат­қан әр іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Бүгінгі шығармашылық кеш те жақсы әсер қалдырды. Бар­лығы ұқыпты, ретімен ұйым­дастырылған. Сыр елінен шыққан ақын-жазушыларды әрбір жас ұрпақ білуі парыз. Осындай тағы­лымы мол шығармашылық кештер қатары көптеп өткізіліп, өске­лең ұрпақтың туған жерінен тау тұлғалар шыққанын білуіне үлес қоса беруіміз керек, – деді Шаһарбек Нұрсейіт.

Әрі қарай іс-шара соңында сөзді ақын Қайырбек Асановтың сыныптастары мен қарындастары жалғап, бала кездегі қызық оқиға­ларын әңгімелеп берді. Сондай-ақ кітапхана мен кент мәдениет ұжымына алғысын біл­діріп, ақынның шығармалары жас­тардың жүрегінде сақталу керек екендігін жеткізді.

Г.ТАБЫНБАЙ

08 қараша 2025 ж. 70 0