Ғалымдар ерте өлу қатерін төмендетудің амалын ойлап тапты
Эксетер Университеті мен Манчестерлік Университеттінің мамандары бірігіп, тоғыз мемлекеттің 22 ауқымды зерттеулерін талдаған. Жиналған деректердегі денсаулық сақтау жүйесі мен әдістердің айырмашылықтарына қарамастан,ғалымдар зерттеулердің басты бөлігі (81,8 пайызы) үзіліссіз бір дәрігерге қаралу мен өлімге акеліп соғар қатерін азайтады дейді.
Жағымды көрсеткіш ортақ тәжірибелі дәрігерлердің емделушілерімен қатар, жоғары мамандандырылған дәрігерлерде де байқалған.
Зерттеу авторларының ойынша, алынған деректер медицинадағы техникалық жетістіктерге қарағанда емделушіні емдеген кезде адами фактор басты рөлді атқаратынын дәлелдейді.