Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктеріне арналған «Алтын дән – 2025» салтанатты іс-шарасында марапатталған Сырдария ауданының озат шаруашылықтары мен еңбек адамдары

Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктеріне арналған «Алтын дән – 2025» салтанатты іс-шарасында марапатталған Сырдария ауданының озат шаруашылықтары мен еңбек адамдары

Республика күні мерекесі аясында облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар

1. Әбдуахит Кілімханұлы Жүсіпов, Сырдария аудандық ауруханасының ағаш ұстасы
2. Қалдыгүл Болатқызы Дүйсенбаева, Сырдария аудандық прокуратурасының қызметкері
3. Лена Нұрадинқызы Төлеуова, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің маманы
4. Раджаб Сүлейменұлы Салхадин, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орманшылық басшысының орынбасары
5. Ердос Толыбайұлы Ештаев, Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы, өндірістік бөлім­шесінің Аға шебері
6. Мақпал Мыңбайқызы Кершеева, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акцио­нерлік қоғамының Қызылорда облысы бо­йынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінің Реттеу зал басшысы
7. Руслан Тұрабекұлы Әптіқанов, Сырдария ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы
8. Жадыра Бағдатқызы, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің әдіскері
9. Сұлтанәлі Мәжитұлы Есжанов, №132 орта мектебінің алғашқы әскери дайындығы пәнінің мұғалімі
10. Асылхан Маратұлы Балдаев, Тереңөзек аудандық электр торабы бас­шысының орынбасары
11. Әлихан Өмірханұлы Мұқтар, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Аға инженері
12. Нұрлан Рахымұлы Рахымов, Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.

Республика күні мерекесіне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар

1. Төребек Ордашұлы Майхан, Тереңөзек кенті әкімі аппаратының қызметкері
2. Мүзапбар Құрманұлы Ибраев, Асқар Тоқмағанбетов ауылдық клубының жұмысшысы
3. Шынар Сәрсенбаева, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің техникалық қызметкері
4. Анар Тобжанқызы Досмағанбетова, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің статисті
5. Ажар Ташкенбайқызы Оразымбетова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері
6. Индира Бақытбекқызы Ахметова, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің әдіскері
7. Олжас Сатбайұлы Сейпулов, №12 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
8. Бекболат Таңатарұлы Капанов, аудан­­дық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлі­мінің әдіскері
9. Назым Серікболқызы Аманнуллаева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әдіскері
10. Азиз Даниярұлы Қожабаев, Сырдария аудандық мәслихатының әдіскері.

Ыбырай Жақаев атындағы төсбелгімен марапатталғандар

1.Алданберген Бодыбайұлы Құлбаев, «Қызылдихан» шаруа қожа­лығы­ның төрағасы

2.Бөлеген Әбжапбарұлы Рақмет, «Құндызды Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен

Үрістембек Кеңесұлы Оспанов, «Байдәулет Ата» шаруа қожалығының бақта­шысы

Қызылорда облысы әкімінің
Құрмет грамотасымен
Сұлтанбек Сейтбекұлы Қоңырбаев, «Сейтбек» шаруа қожалығының төрағасы

Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар

1. Жарбол Ұлтанбекұлы Ешмаханов, «Жарбол» шаруа қожалығының төрағасы
2. Бауыржан Нұрғазыұлы Жұмабаев, «Аманат» шаруа қожалығының бас агрономы
3. Сейілхан Қалмағанбетұлы Төлегенов, аудандық статистика бөлімінің басшысы
4. Нұрлыбек Ахметұлы Даулетбаев, аудандық Ветеринария станциясының басшысы
5. Мақсат Нұрлыбекұлы, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің аға-инженер гидротехнигі
6. Кенжетай Қадірұлы Омар, «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі
7. Қанат Есілбайұлы Қалмаханов, «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы
8. Марат Тынысұлы Әбілмажанов, «Ақжарма және К» фермер қожалығының күрішшісі
9. Қайрат Сағынбайұлы Қуанов, «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі
10. Ержан Қадырқожаұлы Үсенов, «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы
11. Уалихан Әділханұлы Қарсақбай, «Нұрбек» фермер қожалығының комбайншысы
12. Әбдібек Сейтбекұлы Қоңырбаев, «Сәулебек» шаруа қожалығының төрағасы
13. Бахтияр Жасимұлы Дямуршаев, «Абзал және К» толық серіктестігінің күріш шикізаты бөлімінің басшысы
14. Бибігүл Сайынқызы Бекишева, «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі


Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар

1. Боранбек Бектібайұлы Қосжанов, аудандық фитосанитария және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы
2. Ғабит Сансызбайұлы Байзақов, «Аманат» шаруа қожалығының егіс бригадирі
3. Кеңесбай Бекішұлы Ахметов, «Берекет» шаруа қожалығының егіс бригадирі
4. Алтынбек Зәріпұлы Нұрғали, «БАҚ» шаруа қожалығының күрішшісі
5. Асылхан Байдилдаұлы Умирзақов, «Аманат» шаруа қожалығының күрішшісі
6. Жанарбек Қыдырқожаұлы Майлыхожаев, «Иса» шаруа қожалығының төрағасы
7. Бағдат Сағындықұлы Жұмабаев, «Жарбол» шаруа қожалығының күрішшісі
8. Мирамбек Жетібайұлы Жетібаев, «Жамбыл 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатка машинисі
9. Тыныштықбай Серікбайұлы Абсадықов, Айдарлы ауыл­дық окру­гінің же­ке кәсіпкері
10. Еркін Ақдәулетұлы Үмбетаев, «Шаған Береке» шаруа қожалығының күрішшісі
11. Нұрсұлтан Нұрғисаұлы Үсенбаев, «Шаған» фермер қожалығының күрішшісі

Ауыл шаруашылығы
саласын дамытуға үлес қосқан
«Аудан озаттары»

1. Жалғас Серікбайұлы Тәжібаев, «Озат ветеринар» номинациясымен марапат­талды, Айдарлы ауылдық округінің вете­ри­нарлық пунктінің меңгерушісі вете­ринарлық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, эпизотиялық қауіпсіздік шараларының тұрақтығын қамтамасыз еткен.

2. Мүсілім Несиппайұлы Аяпов, «Озат шопан» номинациясымен марапатталды, «Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шопаны. Қой малы басының өсуін арттырып, әр аналық бастан жоғары төл алуды қамтамасыз етіп, мал басын 100 пайызға аман сақтаған.

3. Мәди Рахымбердіұлы Раимов, «Озат бақташы» номинациясымен марапатталды, «Мәди» жеке кәсіпкері. Мүйізді ірі қара малының аналық басын 100 пайызға аман сақтай отырып, төл алу мен мал өнімдерін өндіруде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен.

4. Медет Әлиұлы Оспанов, «Озат көкөніс өсіруші» номинациясымен марапатталды, Жетікөл ауылдық округінің жеке кәсіпкері. Егілген 5 гектар көкөністен 80 тонна өнім жинаған.

5. Нұрлан Мергенбайұлы Төлегенов, «Озат бақша өсіруші» номинациясымен марапатталды. Іңкәрдария ауылдық округінің жеке кәсіпкері. Егілген 3 гектар бақшадан 80 тонна өнім жинаған.

6. Урстембек Болатұлы Аубакиров, «Озат картоп өсіруші» номинациясымен марапатталды. Аманкелді ауылдық округі­нің жеке кәсіпкері. Егілген 5 гектар картоптан 80 тонна өнім жинаған.

7. Байділда Нұрылдаұлы Таутенов, «Озат су маманы» номинациясымен марапатталды, «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су маманы. Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына бөлінген су лимитін каналдар арқылы жеткізіп беруде жоғары деңгейде ұйымдастырған.

8. Нұрлыбек Тәліпұлы Нұртазаев, «Озат мақсары өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Мәди Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақсары өсірушісі. Өзіне бекітілген 150 гектар мақсарының әр гектарынан 10 центнерден өнім алған.

9. Зұлқарнай Серікбайұлы Имашов, «Озат жоңышқа өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Бесарық» шаруа қожалығының жоңышқа өсірушісі. 231 гектар жоңышқа дақылының әр гектарынан 77 центнерден жоңышқа шөбін дайындаған.

10. Әскербек Мейрамбекұлы Төребаев, «Озат бидай өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Ақжарма және К» фермер қожалығының бидай өсірушісі. Өзіне бекітілген 180 гектардың әр гектарынан 10 центнерден өнім алған.

11. Асылхан Якудаұлы Сүлейменов, «Озат жатка машинисі» номинациясымен марапатталды, «Ақжарма және К» фермер қожалығының жатка машинисі. Науқан барысында 750 гектар күрішті жалға салған.

12. Данияр Темірханұлы Алиев, «Озат комбайнер» номинациясымен марапатталды, «С.Сейфуллин жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы. Науқан кезінде 28000 центнер астық бас­тыруды қамтамасыз еткен.

13. Жалғасбек Манатұлы Абуталипов, «Озат егіс бригадирі» номинация­сымен марапатталды, «Бесарық» шаруа қожалығының егіс бригадирі. Өзіне бекітілген 95 гектар күріштің әр гектарынан 70 центнерден өнім жинаған.

14. Сәбит Әкбарұлы Өскінбаев, «Озат күріш өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Қызылдихан» шаруа қожалығының күрішшісі. Өзіне бекітілген 44 гектар күріш­тің әр гектарынан 88 центнерден өнім жинаған.

15. Бекболат Мақтабекұлы Байділдаев, «Озат агроном» номинациясымен марапатталды, «Ақжарма-2» шаруа қожалығының агрономы. Шаруашылық бойынша 1415 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жоғары өнім жинауға қол жеткізген.

Ауыл шаруашылығы
саласында үздік жетістіктерге жеткен
«Ауданның үздіктері»
1. Георгий Русланович Увакпаев, «Үздік жоңышқа өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоңышқа өсірушісі. 60 гектар жоңышқа дақылының әр гектарынан 100 центнерден жоңышқа шөбін дайындаған.

2. Еркебұлан Досымұлы Досым, «Үздік бидай өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Ақжарма-2» шаруа қожалығының бидай өсірушісі. Өзіне бекітілген 151 гектар бидайдың әр гектарынан 15 центнерден өнім жинаған.

3. Асхат Сәруарұлы Нұржанов, «Озат жатка машинисі» номинациясымен марапатталды, «Құндызды жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатка машинисі. Науқан барысында 800 гектар күрішті жалға салған.

4. Дауренбек Серікбайұлы Қошқаров, «Үздік комбайнер» номинациясымен марапатталды, «Аманат» шаруа қожалығының комбайншысы. Науқан кезінде «Клас Трион» маркалы комбайнымен 34 000 центнер астық бастыруды қамтамасыз еткен.

5. Төлепберген Алмасұлы Қалиев, «Үздік егіс бригадирі» номинациясымен марапатталды, «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі. Бригада ұжымы егілген 433 гектар Сыр маржанын агротехникалық шараларға сай күтіп баптап, оның әр гектарынан 85,4 центнерден өнім жинаған.

6. Галымбек Мешітбайұлы Спанов, «Үздік күріш өсіруші» номинациясымен марапатталды, «Мади Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш өсірушісі. Өзіне бекітілген 40 гектар күріштің әр гектарынан 90 центнерден өнім жинаған.

7. Рустем Нұржанұлы Сматов, «Үздік агроном» номинациясымен марапатталды, «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы. Шаруашылық бойынша 3956 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, дақылдардың барлық түрлерінен жоғары өнім жинауға қол жеткізген.

8. Балтабай Аябекұлы Ордабеков, «Үздік газет тілшісі» номинациясымен марапатталды, «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары. Ауданның ауыл еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін, игі істерін шеберлікпен аудандық бұқаралық ақ­парат құралдарында үнемі жарық көруіне ықпал етті.

Егін шаруашылығы саласында үздік көрсеткішке жеткен шаруа қожалықтары арасындағы «Аудан жеңімпаздары»

1. Шакизамен Шакизадаұлы Айтанов, «Ақжарма-1» фермер қожалығының төрағасы. Ауданда егін шаруашылығы саласында үздік шаруа қожалық номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 874 гектар күріштің әр гектарынан 63 центнерден өнім жинаған.
2. Мақсат Шамшатұлы Биболатов, «Бесарық» шаруа қожалығының төрағасы. Ауданда егін шаруашылығы саласында үздік шаруа қожалық номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 350 гектар күріштің әр гектарынан 61,7 центнерден өнім жинаған.

3. Алмат Қайратұлы Болатов, «Ақжарма және К» фермер қожалығының төрағасы. Ауданда егін шаруашылығы саласында үздік шаруа қожалық номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 1350 гектар күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім жинаған.

Егін шаруашылығы саласында үздік көрсеткішке жеткен жауапкершілігі шектеулі серіктестестік арасындағы
«Аудан жеңімпаздары»

1. Ералиев Еркебұлан Дарханұлы, «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Ауданда егін шаруашылығы саласында күріш өндірісін дамытуда үздік шаруашылық номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 2985 гектар күріштің әр гектарынан 77 центнерден өнім жинаған.

2. Жеңісбек Шәкімбайұлы Сыздықов, «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Ауданда егін шаруашылығы саласында күріш өндірісін дамытуда үздік шаруашылық номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 2900 гектар күріштің әр гектарынан 60 центнерден өнім жинаған.

3. Тұрсынбек Бөлегенұлы Рақметов, «Құндызды жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Ауданда егін шаруашылығы саласында күріш өндірісін дамытуда үздік шаруашылық номинация­сы бойынша IIІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаруашылық 500 гектар күріштің әр гектарынан 56 центнерден өнім жинаған.

Ұлбике Жанкелдіқызының
200 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткен «Ұлы поэзияның ақ періштесі» және ақындар арасында өткен «Өлмес өр рух – Ұлбике» атты аудандық жыр мүшайрасының жеңімпаздары
1. Гүлжанар Асылханқызы Әбілова, І орынмен марапатталды, №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2. Ақерке Балманова, І орынмен марапатталды, Шаған ауылы.
3. Қанат Дахирұлы Көзейбай, ІІ орынмен марапатталды, №174 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
4. Самат Жұмаділ, ІІ орынмен марапатталды, Қалжан ахун ауылы.
5. Әйгерім Ержанқызы Сағатова, ІІІ орынмен марапатталды, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
6. Айтмағанбет Темірханов, ІІІ орынмен марапатталды, Ақжарма ауылы.
29 қазан 2025 ж. 69 0