Алтын бағасы өсті

Қазақстан қаржыгерлері мен сарапшылары биылғы жылдың басында 1 грамм алтын 44 811 теңге болғанын айтса, дәл осы қазан айында оның бағасы – 67 966 теңгеге көтеріліп, он айда 23 мың теңгеге қымбаттағанын алға тартады. Бұл шамамен 51,7 пайызға өскен.
Шын мәнінде алтынға деген сұраныстың артуы жоғары инфляция немесе қаржылық дағдарысқа байланысты болады. Негізінен алтын бағасы неге тәуелді деген сауалға келсек, маңыз беретін нәрсе ол оның сынамасы. Мәселен, 999-дық сынама «таза алтын» деген сөз. Ал басқа сынамада құрамында басқа металдар көп болатынын айғақтайды. Жалпы, алтын бағасы сынамаға ғана емес, оның дизайны мен брендіне де тәуелді болады.
Сонымен қатар алтынның бағасы факторға қарай қалыптасатынын білген жөн. Яғни, біріншісі Лондон нарығындағы алтынның халықаралық бағасы болса, екіншісі теңгенің долларға шаққандағы бағамы ескеріледі.
Тағы бір қызық дерек, алтынды үш түрлі құралмен алуға болады. Ең алдымен айталық, алтын құймалар. Оны біздің елде Ұлттық банк шығарады, екінші деңгейлі банктерден де сатып алуға болады. Екіншіден, алтыннан жасалған инвестициялық монеталар. Оны да шығарушысы – Ұлттық банк. Сондай-ақ цифрлық алтын (Gold Coin). Цифрлық алтын – бұл онлайн түрде сатып алуға және сатуға болатын инвестициялық құрал. Ұлттық банктің Gold Coin жобасымен бекітілген. Цифрлық алтынның артықшылығы – оны тез сатып алып, қалаған уақытта сата алатыныңызда.
«Осы күні заттай алтын ұстағыңыз келсе – құйма сатып алған дұрыс. Ал ыңғайлығы мен жылдамдығы жағынан – цифрлық Gold Coin» дейді сарапшылар. Тағы бір еске салатын кеңес, алтын бағасы құбылып тұратын инвестқұрал болғандықтан, барлық жағдайда ақылға салып жұмыс істеуге тырысқан жөн.
«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөз