Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын мен күмістің бағасы арзандайды – сарапшы

Алтын мен күмістің бағасы арзандайды – сарапшы

Сарапшы осы жылдың II тоқсанында алтын мен күмістің бағасы арзандайды деген болдам жасады, деп жазады LS басылымы.

"Открытие Брокер" сарапшысы Андрей Кочетковтың айтуынша, бағаның төмендеуіне маусымдық факторлар әсер етеді. 

«2019 жылдың II тоқсанында алтынның орташа бағасы 1279 доллар, күмістің бағасы 15,11 доллар шамасында болады. Жаз кезінде бағалар тіптен түсуі мүмкін, яғни алтын 1200 долларға, ал күміс 14 долларға дейін барады. Бұл жаз кезінде әлем бойынша металлға деген сұраныстың түсіп кетуімен байланысты», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, бағалы металл бағасына жетекші орталық банктер мен федеральді қор жүйесінің саясаты да әсер ететін көрінеді.

baq.kz
25 сәуір 2019 ж. 806 0