Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

№ 71 газет

20 қыркүйек 2025 ж.

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Отбасындағы мейірімділік – бақыттың кілті

Отбасындағы мейірімділік – бақыттың кілті

Алла Тағала қасиетті Құранның «Рум» сүресі, 21-аятында:
«Сендерге Алланың құдіретін көрсететін айқын дәлелдерінің бірі – өз болмыстарыңнан жандарың жай тапсын деп, сендер үшін жұбайлар жаратып, араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты. Расында осыны ақылға салып, ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер мен ғибрат бар» деп айтқан.

Мұсылманның жарына деген негізгі махаббаты некеден кейін пайда болады. Некеден кейін ерлі-зайыптылардың бір-біріне сезімдерін білдіріп, жылы сөз айтуы, сыйлық беруі, құрметтеуі – отбасылық өмірдің бақытты да баянды болуына әсері мол. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-бірін бағалап, мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасаса, махаббат та сақталады. Алла Тағала жоғарыдағы аятта:
«Араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты» деп «махаббат» пен «мейірімділікті» бірге айтуының сыры осында жатыр.
Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сізге адамдардың ішіндегі ең сүйіктісі кім?» деп сұрағанда: «Айша» деп, күлімсіреп жауап беретін болған. Алла Елшісі осылайша әрдайым өзінің өмірлік жарына деген махаббатын білдіріп отырған.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 19-аятында: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар» десе, 34-аятында «Ерлер әйелдерге басшы һәм қорған» деп әмір еткен. Бірақ, басшылықтағы негізгі көзделген мақсат – қорған болу, қамтамасыз ету, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру екендігін ерлер қауымы ұмытпауы керек.

Жалпы отбасында екі дүние бақытына жетелер ер мен әйелдің өзара және бала-шағасының алдындағы міндеттері өте көп. Соның барлығын бір ауыз сөзбен қамтитын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ер мен әйелдің негізгі сипатын баяндайтын хадисі бар. Ер адамға байланысты сөзінде «Сендердің қайырлыларың әйел­деріңе қайырлы болғандарың» десе, әйел адамға байланысты «Үмметімнің ең қайырлы әйелдері – еріне бағына білгендері және қанағатшылдары» деген. «Ыдыс-аяқ сыл­дырламай тұрмайды» демекші, қандай жағдай болсын ер адам әйеліне жұмсақ мәміледе болса, үйдегі мәселенің айғай-шусыз шешілу жолын парасаттылығымен пайымдай алса, әйел адам еріне мойынсұнып, ерінің отбасы үшін әкелген нәпақасын қанағат тұтса, нағыз бақытты отбасы осы демек. Осындай мейірімді көріп өскен ұрпақ та берік отбасы құруды мақсат ететіні сөзсіз.

Нұрсұлтан СЕРІКҰЛЫ,
Сырдария ауданы мұсылмандар мешітінің бас имамы

Фото: Қазақ үні

23 қыркүйек 2025 ж. 36 0