Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Отбасы – ұлт діңгегі

Отбасы – ұлт діңгегі

Өмірдің ағымына қарай бейімделетін әрбір отбасының өзіне тән өмір сүру дағдысы бар. Бір отбасында сыйластық пен жарастық, жарасымдылық көрініс тапса, енді бірінде тұрақсыздық пен келіспеушілік күнделікті тұрмыстағы үйреншікті дүниеге айналады. Отбасы дегенде ең алдымен бір шаңырақ астында татулық діңгегін берік ұстаған жандар шоғыры қалыптасқан ортаны елестететініміз анық. Дегенмен үйдегі ахуалға байланысты сан түрлі жағдай орын алады. Мұндайда жас та, жасамыс та отбасын сақтап қалуға күш салғаны дұрыс.

Сырдария аудандық АХАТ бөлімінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 90 сырдариялық жұп неке қидырса, биыл оның саны 55-ке жеткен. Ал ортақ түсіністік орын алмауы салдарынан былтыр 13 жұп екі жаққа кетсе, биыл 12 жұп ажырасуға арыз берген. Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта саналатын шағын Отанның іргесі сөгілмес үшін мемлекет тарапынан идеологиялық жұмысты күшейіп келеді. Көбіне ажырасудың салдарына әлеу меттік, тұрмыстық жағдай, ортақ перзенттің болмауы, зорлық-зомбылық, ішкілікке салыну, әрбір отбасы мүшесінің өзара түсініспеушілік іс-әрекеті жатқы зылады.

– Ұлт болашағының негізгі тұғыры, ең басты іргетасы – отбасы. Елімізде ерлі-зайыптының құқығын қорғайтын көптеген заң бар. Жалпы некелі жарымен бақытты ғұмыр кешуге байлам жа саған жастар тұрмыстың тауқыметіне төзе білмейді. Болмашы қиындықтың артында жақсылық тұратынын сезінсе, отбасында ортақ түсіністік динамикасы орнайды. Сырдария ауданы бойынша өткен жылы 554 отбасыға туу туралы куәлік табыс етсек, биылғы жылдың есепті мерзімінде 297 сәби дүниеге келді, – дейді Сырдария аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Салтанат Жанұзаққызы.

Қазіргі уақытта ауданда отбасын қолдау орталығы жұмыс жасайды. Білікті басшы Айнұр Төлегенова жетекшілік жасайтын мекемеге көпшілік тұрғын үй мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу, қайтарымсыз грант алу, алимент өндіру, жеке бас құжаттарын реттеу, баласын балабақшаға орналастыру, азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек алу, денсаулық жағдайы бойынша дәрігерге қаралу және мүгедектікке шығу мәселесі бойынша жүгінуде. Отбасын қолдау орталығында 7 маман бар. 2025 жылы орталық мамандары жергілікті тұрғындарға 236 қызмет түрін көрсеткен.

– Отбасын қолдау орталығы-ның мамандары жергілікті халыққа тиімді жұмыс үлгісін көрсетіп, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан көмек беруде. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді тобымен Тереңөзек кентіндегі 3 отбасы бақылауға алынған. Отбасы мүшелерінің қаржылық сауатын арттыру бағытында, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Ұлттық мұра», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» және «Tomiris» жобаларын жүзеге асыру тетіктерін пысықтау мақсатында біршама жұмыс жасалды. Сырдария аудандық прокуратурасының үйлестіруімен «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» флешмоб эстафетасы жүзеге асырылды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында кәсіпкерлердің демеушілігімен 16 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке берілді. Аудан бойынша жайсыз отбасылармен жұмыс жүргізу барысында зорлық-зомбы-лықтың алдын алуға байланысты кешенді іс-шараға иек артамыз. Бұл ретте орталық мамандары аудандық полиция бөлімінің инспекторларымен жайсыз отбасыларды бақылауды күшейтеді, – дейді отбасын қолдау орталығының директоры Айнұр Төлегенова.

Өмірді кемеліне келтіретін отбасының тұрақтылығы – татулықта десек, шаңырақтың іргесі сөгілмеудің жолын қарастырған жөн. Отбасы құндылығы құлдырағанда шағын мемлекеттің тұғыры құлайды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: Ашық дереккөзден
13 қыркүйек 2025 ж. 124 0