Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Етік тігуге ебі бар келіншек

Етік тігуге ебі бар келіншек

Ауданға қарасты елді мекендерге іс-сапарға шыққанымызда ерекше кейіпкер іздейміз. Қазаны оттан, азаматы аттан түспеген әрбір ауылда біз біле бермейтін жандар қолынан келетін кәсібі арқылы күнкөріс жасап жүргені рас. Нағи Ілиясов ауылының әкімі Сағдат Нұрмағанбетовпен ауылды аралап жүріп, атқарылған ауқымды жұмыс барысын көрдік. Әңгіме арасында заматында еске түсіп, «аға ауылда етікші бар ма?» деген едім. Еш ойланбастан әкім: «Ауылда Нұргүл деген келіншек бар. Сол кісіге апа­райын» деді.

Нұргүл Қожақова – Нағи Ілиясов ауылының тумасы. Қарапайым еңбек адамы ретінде ауыл әкімшілігінде қоғамдық қызмет атқарады. Қолының етік тігуге ебі бар кейіпкеріміз бұл кәсіпті осыдан 11 жыл бұрын туған нағашысы Мұратбек Сейтеновтен үйренген. Бүгінде ауыл тұрғындары Нұргүлді іздеп келіп, аяқкиімдерін жөндетеді. Бір аяқкиімді 30-40 минут тігетін жас келіншек жұмысын ыжда­ғаттылықпен атқарады. Айта кетейік, етікші келін­шектің қызметіне сұраныс қыс мезгілінде артады. Ересек адам мен баланың аяқкиімін жөндеуде өз ісінің маманы біз, ілмек, кендір жіпті пайдаланады.

– Ер азаматтардың керзі етігінен бастап, спорт­тық аяқкиімді тігуді әдетке айналдырғанмын. Етіктің табанын ауыстырып, жыртылған, тесілген жерін жамаймын. Мәсі мен әскери етік тігуге де машық­танғанмын. Бастапқы уақытта етікшілік кәсіпке қызығушылық арқылы келдім. Өзіндік қиындығына қарамастан, аяқкиімнің өлшеміне қарай сапалы жасауға тырысамын. Алдағы уақытта етік тігетін арнайы аппарат алу ойымда бар. Қазіргі уақытта бір аяқкиімді 1500-2000 теңге аралығында тұтыну­шыларға тігіп беремін, – дейді Нұргүл Малдыбайқызы.

Қырық үш жастағы Нұргүл – 3 перзенттің анасы. Екі қызы тұрмыста. Өзімен бірге 11 сынып оқитын ұлы мен ағасы тұрады. Үйде жылқы, сиыр, ешкі, тауық асырап, табыс көзін еселеуде. Үй шаруасына мығым қарапайым болмысты келіншек өмірден біршама тауқымет тартқан. Алматы қаласында Орынгүл Баратжан деген келіншек мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, жылына 1000 жұп аяқкиім тігеді. Жеті жылда 7000 дана аяқкиім тіккен Орынгүл секіл­ді әмбебап жанның еңбегі Нұргүлдің жұмысына айрықша серпін беретіні рас.

– Күнделікті табыс көзін еселеуді кім жек көреді дейсіз? Нарықтық уақытта қолыңнан қосымша іс келетін болса, халыққа қызмет ете білген дұрыс. Әрине, әйел заты болғаныммен, кейбір ер азамат­тың көтере алмайтын жүгін арқалауға тура келді. Көптеген ауыртпалықты еңсеріп, ұл-қызымды жеткіздім. Икемділіктің арқасында ел алғысын арқалап жүрмін. Біз бен ілмекті, жіпті қолыма алып, спорттық, классикалық үлгідегі аяқкиімді тіге беремін, – дейді етікші келіншек.


Балтабай ОРДАБЕКОВ


06 қыркүйек 2025 ж. 195 0