Алаяқтан сақ болыңыз!

- Интернет пен цифрлы технологиялардың қарқынды дамуымен қатар, алаяқтардауақыт талабынан қалмай, ақша жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып, қылмыстық іс-әрекеттеріне қолданып келеді. Интернет алаяқтықтың қылмыстарының басқа қылмыстарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалуында болып отыр. Ол дегеніміз – қолданысында телефоныбар кез-келген адам, интернет-алаяқтардың құрбаны болуы әбден мүмкін. тағы бір айтып өтетін өзекті мәселе осы қылмыстардың пайда болуымен қатар «Дроппер, Дропповод» деген жаңа ұғымдар пайда болды. «Дроппер» дегеніміз жалпақ тілмен айтқанда, қылмысқа көмек көрсетуші немесе қылмысқа қатысушы деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодексте «дропперлерге» қатысты жаңа 232-1-бабы енгізіліп, санкциясында кінәлілерге қатысты,жүз алпыс айлық есептік көрсеткіштен бастап, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралды. Дроперлердің басым бөлігі жастар десекте болады, көбі студенттер, жұмыссыздар. Біздің көздеген мақсатымыз жиналыс өткізу емес, мақсатымыз Сіздерді күнделікті орын алып жатқан қауіп қатерден сақтандыру. Сондықтан, біздің айтқан сақтық шараларын естен шығармайды деп сенеміз”,- деді Тимур Зуфарұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі