Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ардагерлер арасында суда еркін жүзуден сайыс өтті

Ардагерлер арасында суда еркін жүзуден сайыс өтті

Семей ядролық полигонының жабылғанына 34 жыл толуына орай патриоттық бағытта әскери борышын өтеген ардагерлер арасында еркін жүзуден сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастырып, ардагерлерге құрмет көрсетіп жүзу спортын аудан көлемінде дамыту болып табылады. Жарысқа жас ерекшелігі 60 жастан жоғары ақсақалдар қатысып 25 метрге жүзіп бақ сынасты.

Жарыс нәтижесінде I - орынды Бектібаев Раис, II - орынды Ембергенов Болат, III - орынды Ерімбетов Жарылқасын ақсақал ағаларымыз қанжығасына байлады.

Бақ пен бап қатар шапқан, өзара мықтыны анықтаған барша ардагерлерлерімізге жарыс қорытындысы бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің медаль, дипломдары және бассейнге кіруге арналған арнайы абонементтер табысталды.
31 тамыз 2025 ж. 178 0