Интернет-алаяқтықтан сақтанайық

Атап айтқанда, азаматтарға кредиттер мен қарыздарды рәсімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қызметкерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шет елдерде тұрақты орналасқан «CALL орталықтар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді. Оларға қарсы тұру үшін қазіргі таңда «Киберпол» жобасы енгізілді. Аталған жоба мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды және барлық өңірлер бойынша масштабталды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Фото: Ашық дереккөзден