Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Танк пен К – 700-дің сырына қанық

Танк пен К – 700-дің сырына қанық

Өнеге мен өрістің, ақылдың кеніне айналған қазыналы қарттың көргені мол. Ақжармалық Қалданбек Сыздықов биыл 88 жасқа толды. Адуынды, сөзі нық ақсақал ауылдағы еңбегімен еленген жанның бірі саналады. Өткен күндерге көз жүгіртсек, нағыз бейнеттің бел ортасынан табылған қария жылдар бойы трактордың үстінен түспеген.

Ағайынның ортасында ақылын айтып, жол көрсете білген Қалданбек Сыздықов ауылдың тыныс-тіршілігімен етене таныс. Жиырма жасында трак­тордың рөліне отырған қария қара жұмыстан ешқашан қашқан емес. Бір жылдары бақташылықты кәсіп қылып, сиыр баққаны бар. Десек те, трактор айдаудың машақатына тереңнен қанық. Совхоздың бар шаруа­сын жасап, ауыр техниканы жүргізу қиынның-қиыны. Жас кезінде әскер қатарына алынып, Ресей мемлекетінде танк айдаушы сар­баздарға дәріс берген.

– Аға сержант лауазымына қол жеткізген мен 3 жыл бойы взводтың командирінің жанынан табылдым. Рота­дағы сарбаздарға танк айдаудың қыр-сырын үйретіп, қауіпсіздік іс-шарасын ұйымдастыруға көңіл бөлдім. Бірнеше мәрте атауы өзгергенімен, ауылдың бір орнында тұрғаны мәлім. Ақжарманың байырғы тұрғыны ретін­де біздің ауылымыз егін мен мал шаруа­шылығына бейім екенін айта кетейін. Комбайн мен трактордың жөндеуі, май-суына қарау – өзіміздің тікелей міндетімізге кірді. К–700-ді 17 жыл айдап, шаруашылықта жұмыстың жү­руі­­не ықпал еттік. Зауыт­тан келген бойда К–700-ді маған табыс­тады. Содан бері жер айдап, тегістеп егін егуге дайындық жүргіздік, – дейді Қалданбек ақсақал.

Қалданбек ақсақал осыдан 67 жыл бұрын зайыбы София Ешмұратқызымен отау құрды. Қазыналы қарт өмірлік жарымен бір­ге 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсір­ді. Қазіргі уақытта 10 баладан тараған ұрпақтары бір дүйім елге айналған. «Қария – шежіре, елдің жадын сақтаған жан» десек, Қалданбек Сыздықов көп жасаған ақылдың дария­сы секілді.


Б.АЯБЕКҰЛЫ

19 тамыз 2025 ж. 161 0