Мониторингтің медицина мамандарына берері мол

Мобильді топ құрамында аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова болып, салалық жұмыстарды зерделейді.
Өз кезегінде сала мамандары Аманкелді ауылындағы емдеу мекемесінде туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің арнайы бұйрығы негізінде мониторинг жұмысын жүргізді.
Арнайы мониторинг негізінде нақты бұйрық бойынша алдағы атқарылатын жұмыс нақтыланды. Қадағалап ем беру кабинетінің жұмысы тексеріліп, сала мамандары жекелеген тапсырма берілді.
Нақты құрал-жабдықтар басты қадағалауға алынып, сақталу жолдары қарастырылды. Мамандар өзара пікір алмасып, науқастардың жағдайы сараланды. Арнайы бұйрық негізінде жасалуға тиісті көптеген мәселе аясында алдағы міндет айқындалды.
Сырдария аудандық ауруханасы