Адалдық – ауылдың айнасы

Ауыл әкімдігі – халыққа ең жақын тұрған билік өкілі. Біз күнделікті сіздердің әлеуметтік мәселелеріңізбен бетпе-бет келеміз. Сондықтан әрбір қабылданған шешім, әрбір көрсетілген қызмет – ашықтық пен заң аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың парызы деп білемін. Ауыл тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, кез келген заңсыздықты көрсе, дереу хабар беруге шақырамын. Жемқорлыққа көз жұму – соған жол беру деген сөз.
Біздің басты мақсатымыз – ауылда әділдік үстемдік құратын, тұрғындар билікке сенетін, ашық әрі адал қоғам қалыптастыру. Адал еңбек пен әділетті басқару – ауылымыздың өркендеуіне бастар жол.
Ауылымыздың болашағы – бәріміздің қолымызда!
Нұрбол ЖҰМАБЕКОВ,
Айдарлы ауылдық
округінің әкімі
Фото: Ашық дереккөзден